» » Ертеңгі елдің иесі - жастар

Ертеңгі елдің иесі - жастар

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттарының бірі – жастардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету, олардың салауатты өмiр салтын қалыптастыру. Еліміздің жарқын болашағы – жастар дейтін болсақ, олардың арасында салауатты өмір салтына деген дұрыс түсінік қалыптастырып, санасына, салауатты өмір салтын ұстанудың денсаулыққа аса маңызды және ұстанған адамның болашағы жарқын екенінін түсіндіру – ортақ міндетіміз.
Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауларында жастар саясаты мен олардың қоғамдағы рөлі төңірегінде нақты тапсырмалар беріп, жастар болашақтың негізі екенін атап өткен болатын. Сол бойынша елімізде жастарға арналған көптеген қоғамдық бірлестіктер мен орталықтар құрылып, қазіргі кезде сол еңбектердің жастар болашағына әсер етер маңызы зор екені дәлелденуде. Жаңа дәуірде елімізді сақтайтын, денсаулығы зор, интеллектісі жоғары ұрпақ тәрбиелеу мемлекет саясатының басты бағыты екенін ескерсек, осының бәрі жастарымызды салауатты өмір салтына тәрбиелеуден басталады. Жас ұрпақ өкілінің денсаулығына тұрмыстық жағдайлармен бірге бір-бірімен қарым-қатынасы да, мәдени деңгейі де, қоғамдық жұмыс пен оқудың әртүрлі салаларындағы белсенділігі де, яғни өмір салты неден тұрса, соның бәрі әсер етпек.
Салауатты өмір салты түсінігіне не кіреді деген сұраққа келер болсақ, айқын жасалған күн тәртібінің болуы, жеке бастың тазалығы, дұрыс тамақтану, тынығу, дене еңбегімен шұғылдану, таза ауада, күн көзінде серуендеу, табиғат аясында болу, зиянды әдеттерден сақтану. Сондай-ақ үнемі дұрыс қозғалыста болу, ұлттық ерекшеліктерді ескеру, салтдәстүрмен танысып, оны ұстана білу, қоршаған ортаға, қоғамға, табиғатқа жауапкершілік алу, әрбір жастың өз денсаулығына жауаптылықпен қарауы жатады. Одан бөлек, ел, жер көру және саяхат жасау, тағы сондай жақсы әдеттер мен әдептерді жатқызуға болады. Қорыта айтқанда, салауатты өмір салты нормаларын ұстана отырып, кез келген адам жеке және қоғамдық құндылықты көрсететін өзінің денсаулығын сақтауға жауапты.
Жігерлі жас, істі ертең емес, бүгіннен бастаңыз. Жақсы әдет – сіздің досыңыз. Сіз ең мықты жасампазсыз. Өміріңіз әдемі өрнекпен өрілсін. Ертеңгі елдің иесі – сізсіз. Болашақ сіздің қолыңызда!
Әмина ТАХИРҚЫЗЫ,
аудандық Жастар денсаулығы орталығының психологі
08 сәуір 2024 ж. 277 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 210

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930