» » ҚАЙДА БАРАМЫЗ, АСЫҒЫП?

ҚАЙДА БАРАМЫЗ, АСЫҒЫП?

Күннің сәулесі бозарып, жазғы таң ақырын ғана оянып келе жатқан еді. Аспанда тыныштық ұялаған. Ауыл ішін самал жел сипап өткен сайын, тал-терек сыбдырлай ән салып тұрғандай болатын. Осыбір тыныштықты тек адамдардың асығыс қадамдары ғана бұзады…
– Апа, мен жұмысқа кешігіп барам! – деді Дастан ішіпжемге де қарамай, шала-шарпы киген аяқ киімін сүйрете есікке беттеп.
– Балам-ау, таңғы шайыңды ішпей кетіп барасың ба? – деп апасы артынан дауыстады.
– Уақыт жоқ, апа! Ертең ішем… – деді де, асыға басып көше бойына түсіп кетті.
Дастан секілді жүздеген, мыңдаған адамдар күнде дәл осылай асығады. Бірі – жұмысқа, бірі – мектепке, бірі – кездесуге, бірі – жолға... Көшелерге шықсаңыз, телефонына үңілген, жолдан өтсе де жан-жағына қарамайтын адамдар. Автобус күтпейді, уақыт та күтпейді... Солай бәріміз жүгіріп барамыз. Бірақ қайда?
Кешке дейін жұмыс, артынша тағы бір тірлік, сосын шаршаған дене, ашулы көңіл, сарқылған жүйке. Бірақ соның бәрі үшін адам таңмен таласа тұрып, тағы асығады. Асығамыз... Жерге емес, көкке ұшып кетердей.
Сол күні Дастан кешке ауылға кеш келді. Қаладан ерте шығып, жүрісін баяулатуға тырысты. Аспанға қарады – самал жел, сол баяғы тыныштық. Сөйтсе, өмір ешқайда қашпайды екен. Адам асыққан сайын сұлулықтан алыстай береді екен. Көшеде ойнап жүрген балаларды байқамай, анасының сөзін тыңдамай, күннің шығуын көрмей қалатынымыз да сол асығыстықта.
Ертеңіне ол басқа адамдай оянды. Апасының жанында отырып шай ішті. Құс үнін тыңдады. Күнге қарап жымиды. Жұмысқа да кешікпеді. Тек жүрісі баяу, жүрегі тыныш еді. Себебі, асығудың арты өмірді өткізіп алу екенін түсінген.
Асығып қайда барамыз, ағайын?.. Мүмкін бір сәт аялдап, жанымызға тыныштық сыйлайық. Мүмкін, сол баяу жүрген сәттер – шын мәніндегі өмір шығар?
А.АХМЕТ
14 шілде 2025 ж. 230 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (10425)

02 тамыз 2025 ж.

№56 (10424)

29 шілде 2025 ж.

№55 (10423)

26 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 170
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031