АЙ МЕН АДАМ

Аспанда жарқырап тұрған ай бәрімізге таныс. Бірақ біз оның тек жарық беткейін ғана көреміз. Ал қараңғы жағы – бізден жасырын. Адам да дәл солай. Сырт көзге ашық-жарқын, жайдары көрінгенмен, оның ішкі әлемінде айтылмайтын ойлар, сезімдер, күрестер болуы мүмкін.
Кейде мен адамдарды өзімдей адал, шынайы көремін. Біреуге шын жүрегіммен сенемін. Бірақ уақыт өте келе кей адамның бетпердесі ашылып, олардың шын мәнінде қандай екенін түсінемін. Сол сәттерде көңілің қалады, жүрегің ауырады. Өзің таза ниетпен қараған жанның ішкі қараңғылығы барын сезіну – өте ауыр. Бірақ бұл да өмірдің шындығы.
Адамның көңілі де, мінезі де біркелкі емес. Бірі бәріне күліп жүрсе де ішінде көз жасын жасырады. Бірі бәрімен тату көрінсе де, жүрегінде сенімсіздік пен күмән сақтауы мүмкін. Біз көп жағдайда адамдардың сырт келбетімен баға беріп жатамыз. Ал шын мәніндегі ішкі жан дүниесін түсіну үшін уақыт пен сезім керек.
Мен бұл өмірде бір нәрсені түсіндім. Әр адам – жұмбақ. Оның қуанышы мен қайғысы, шынайылығы мен жасандылығы, жарығы мен қараңғылығы бар. Сондықтан сырттай бағалау бұл пенделік. Әр адамды түсінуге тырысу, оны ренжітпей қабылдау – нағыз даналық. Адамның ішкі қараңғылығы – ол әлсіздік емес. Ол – өмірдің бір беті ғана. Ең бастысы – сол қараңғылыққа тұрып қалмай, жарыққа қарай қадам басу. Өзімізді де, басқаларды да түсінуге ұмтылу керек. Себебі біз бәріміз – жарығы мен көлеңкесі қатар жүретін пендеміз.
Шұғыла ЕЛЕУСІЗОВА
04 маусым 2025 ж. 142 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (10446)

14 қазан 2025 ж.

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 641
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 408

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031