» » ӨРТ ҚАУІПТІ КЕЗЕҢДЕ САҚ БОЛЫҢЫЗДАР!

ӨРТ ҚАУІПТІ КЕЗЕҢДЕ САҚ БОЛЫҢЫЗДАР!

Адами фактор – табиғи өрттердің негізгі себебі. Адамдар даладағы өткен жылдан қалған шөптерді жиі өртейді. Осылайша қатты жел оттың ұшқындарын қалыптастырып, өртке ұласады. Сонымен қатар, еліміздің аумағында күннің аптап ысуына байланысты дала өрті орын алады. Көп жағдайда дала өрті адамдардың абайсыздығынан пайда болады.
Көкке шыққан азаматтардың жаққан отты өшірмей кетуінен немесе көлік жүргізушілерінің жол жиегіне өшірмей тастай салған темекі тұқылынан, ашық алаңқайда қоқысты немесе құрғақ шөптерді жағуы және тағы басқа салдардан пайда болады. Сол себепті осы кезеңде көкке шыққан азаматтардың далалы аймақта өте сақ болуы және өрт қауіпсіздігін сақтап, өте мұқият болуы аса маңызды.
Ғимарат пен құрылыстардың, сондайақ тұрғын үйдің және басқа ғимараттардың аумағы тез жанғыш қалдықтардан, жапырақ қалдықтарынан, құрғақ шөптерден және өзге де қоқыстардан тазалануы керек. Ашық өрт жағуға, қалдықтарды өртеуге тыйым салынады. Әрбір тұрғын үйлердің жанына су бөшкелерін және өрт сөндіргіштерді орналастыруға болады.
Жазғы мезгілде ата-ана балаларға ерекше назар аударуы тиіс. Ата-ана балаларға сіріңкемен ойнауға болмайтынын түсіндіру керек. Өзіңіздің істеріңізбен балаларды өрт қауіпсіздік ережелеріне үйретіңіз.
Құрметті аудан тұрғындары!
– Шөптер мен сабандарды жақпаңыздар.
– Бақылаусыз қоқысты өртемеңіздер және алау жақпаңыздар.
– Балаларға сіріңкемен ойнауға, шөптерді өртеуге рұқсат бермеңіздер.
– Оттың бір құрылыстан басқасына өтіп кетпеуі үшін, шаруашылық аулаларын, гараж, мал қора аумағын құрғақ шөптерден және қоқыстан тазартыңыздар.
– Жанған сіріңке мен темекі тұқылын лақтырмаңыздар.
– Күннің астында бөтелке немесе шыны сынығын қалдырмаңыздар.
– Құрғақ және желді ауа-райында от жағып, оларды сөндірусіз қалдырмаңыздар. Егерде сіз басталған өртті байқасаңыз, мысалы, кішкене өртенген шөп, оны өздігіңізден өшіруге тырысыңыз. Кейде жай ғана жалынды таптап тастау да жеткілікті (шындығында, шөптің бықсып жатпағандығына көз жеткізіп, күте тұру керек, әйтпесе от қайта жануы мүмкін).
Егерде от қатты жанса, оны өз күшіңізбен сөндіре алмасаңыз, 101 және 112 телефондарына қоңырау шалып, байқаған жану ошағын және оған қалай бару керектігін хабарлаңыз.
Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі
02 шілде 2025 ж. 122 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930