» » БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ - БАСТЫ НАЗАРДА БОЛУЫ ТИІС

БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ - БАСТЫ НАЗАРДА БОЛУЫ ТИІС


Жаз мезгілінде жастардың демалыс уақыты көбіне су айдындарында өтетіні белгілі. Алайда суға шомылу кезінде қауіпсіздік талаптарын ескермеу салдарынан қайғылы оқиғалар орын алуы мүмкін.

Осыған орай бүгін аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Абдазиева және бірқатар мектеп директорлары мен рейд бойынша кезекші мамандар Жосалы кенті орталығындағы су айдындары мен дария жағалауларынына бақылау жүргізді.

Іс-шара барысында жасөспірімдер мен жастарға суда шомылу ережелері жан-жақты түсіндіріліп, бөлім басшысы мектеп директорларына жастар арасына қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және оларға терең түсіндіру, су, өрт қауіпсіздік ережелерін ақпараттандыру, насихаттау және су жағалауларындағы күн сайынғы кезекшілікті күшейтуді қатаң тапсырды.

САҚ БОЛ, ЖАС ДОС! ЕСТЕ САҚТА:
• Тек арнайы рұқсат етілген, қауіпсіз жағажайларда шомыл;
• Терең және таныс емес жерлерге секірме;
• Балалар мен жасөспірімдерге ата-ананың бақылауы қажет;
• Жүзу білмеген жағдайда құтқару құралдарын пайдалан.

Қауіпсіздік – өз қолыңда.
Жаз – қуаныштың емес, өкініштің себепкері болмасын!

12 маусым 2025 ж. 192 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 090
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 749

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031