» » ҚАРМАҚШЫДА ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ МАҢЫЗЫ БАР МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТТІ

ҚАРМАҚШЫДА ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ МАҢЫЗЫ БАР МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТТІ


Қармақшы ауданы әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлының төрағалығымен жұмыс кеңесі өтті. Жиынға аудандық бөлім басшылары мен тиісті сала мамандарымен қатар, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Кеңесте 2025 жылға арналған кәсіпкерлікке қолдау көрсету гранттары, 2021–2025 жылдарға арналған ұлттық жобалардың орындалу барысы, вакцинация жұмыстары және эпидемиологиялық ахуал жайы сөз болды. Сондай-ақ, көктемгі әскерге шақыру науқаны мен балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, аудан аумағында қара сора өсімдігін жою, пайдаланылмай жатқан жер телімдері бойынша профилактикалық шараларды күшейту, жастармен жұмысты жүйелеу, жазғы маусымда түнгі рейдтерді тұрақты өткізу қажеттілігі көтерілді.

Жиын қорытындысында аудан әкімінің орынбасары барлық деңгейдегі әкімдер мен бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді міндеттеді.

06 маусым 2025 ж. 213 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 811
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 507

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930