» » Мемлекеттік қызметшілер арасында еріктілер науқаны өткізілді

Мемлекеттік қызметшілер арасында еріктілер науқаны өткізілді

Еріктілердің ісі бүкіл әлемге жылу сыйлайтын ерекше миссия, айрықша ерлік үлгісі. Еріктілердің еңбегі – тұтас қоғам үшін маңызды, пайдалы жұмыс, құрмет тұтуға лайық ізгі қадам, игілікті іс.
Осы мақсатта, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті жанынан құрылған «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 8 мамырында бір мезетте «Ардағым – ардагерім» және «Мейірімді еріктілер» атты науқаны өткізілді.
Науқанда мемлекеттік қызметшілермен ардагерлерді құрметтеу және жас ұрпақты тәрбиелеу мақсатында ерікті түрде игі істер жасалды. Атап айтқанда, Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясының мемлекеттік қызметшілері  атынан құрметті ардагерлерге салтанатты шара өткізіліп, сый-сыяпат көрсетілді.
Ал, 12 мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері тыл ардагерлері мен Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жұбайларына құрмет көрсетті. Сонымен қатар, 2 мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілерімен ардагерлердің үйлерінің ауласында санитарлық тазалау, абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, азық-түлік жиынтықтары ұсынылды.
Мұндай үлгі тұтарлық игі шараның басты шарты – жас­тар тәрбиесінде атқарылып жатқан жұмысты жандандыру, елімізде салауатты өмір салтын жақсарта түсуге үлес қосу болып табылады.Алдағы уақытта осындай науқандар жалғасын тауып, мемлекеттік қызметшілер еріктілер ісіне өз үлестерін қоса беретін болады.
                                   
Хожбанова Әлия Сатыбалдықызы,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік
қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы
                                                                    
16 мамыр 2025 ж. 179 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 083
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 741

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031