» » ТІЛ МӘСЕЛЕСІ ҚАШАНДА ӨЗЕКТІ

ТІЛ МӘСЕЛЕСІ ҚАШАНДА ӨЗЕКТІ

Халқымыздың біртуар перзенті Мағжан Жұмабаев «Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болуы. Ұлттың тілінің кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат ешнәрсе болмауы тиіс. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, мінезі айнадай көрініп тұрады.
Қазақтың тілінде – қазақтың сайран даласы, біресе желсіз түндей тынық, біресе құйындай екпінді тарихы, сары далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі бәрі көрініп тұр. Қазақтың сары даласы – кең, тілі – бай. Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, оралымды, терең тіл жоқ» деп тіліміз жайлы толғанған болатын.
Тіл мәселесі қай уақытта да өзекті. Тілдерді дамыту – еліміздегі мемлекеттік саясаттың ең маңызды бағыттарының бірі. Тіл Отан көлемінде қуатты қатынас құралы бола тұрып, халықаралық байланыста да өзінің мемлекеттік мәртебесін сақтауы үшін жас ұрпақтың жеке тұлғалық қасиеті мен патриоттық сезімін ұштастыра тәрбиелеу – біздің парызымыз. Сонда ғана туған тіліміз қоғамның барлық саласында сұранысқа ие болары сөзсіз.
Халықаралық келіссөздердің көпшілігін мемлекеттік тілде жүргізу, жоғары оқу орындарындағы қабылдау емтихандары мен оларды бітірер кездегі мемлекеттік емтихандардың қатарына қазақ тілінде өткізуге бірте-бірте көшу, іс-қағаздардың мемлекеттік тілде жүргізілуінің белгілі бір нормаларын белгілеу сияқты шаралар қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін арттырып, беделін күшейте түсері анық.
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлының «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл атабабамызды, тарихымызды ұмыту» деген даналық сөзі бар. Мемлекеттік тілімізді аман сақтап, ілгері дамыту үшін бәрімізге ұлттық сана, азаматтық биік тұғыр, мемлекеттік идеология қажет. Қазір біз тілдің дамуының бүкіл жауапкершілігін өз мойнымызға алдық, өзімізден өзіміз талап ететін кезеңге жеттік. Мәшһүр Жүсіп Көпеев айтқан екен «Араб тілі – басты тіл, түркі тілі – өнерлі тіл, ал қазақ тілі – гауһар тіл» деп. Ата-бабамыздан қалған гауһаржақұтымызды, шұрайлы қазақ тілімізді ұрпақтан-ұрпаққа саф алтындай қадірлей отырып жеткізу, тәуелсіз елдің азаматы ретінде борышым деп білемін.
Б.АЙЖАРЫҚҰЛЫ,
аудандық сот әкімшісінің бас маман-аға сот приставы
19 мамыр 2025 ж. 87 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10404)

17 мамыр 2025 ж.

№35 (10403)

13 мамыр 2025 ж.

№34 (10402)

10 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 781
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031