» » Жұмысшы мамандар – ел экономикасының негізі

Жұмысшы мамандар – ел экономикасының негізі

2025 жылдың 15 мамыр күні сағат 12:00-де жұмысшы мамандықтар жылына орай Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінде «Жұмысшы мамандар – ел экономикасының негізі» тақырыбымен колледж ардагерлерімен кездесу болып өтті. Колледждің ардагер ұстазы Ж.Меңдібаева мен А.Құрақбаев колледж студенттерімен кездесіп, өз мамандықтарының қыр-сырымен таныстырды.
Кездесуге келген Жаңыл апай мамандық бір қарағанда жәй нәрсе болуы мүмкін, бірақ ол бүкіл саналы ғұмырымыздың айнасы деп құрылысшы мамандығы туралы айтып өтсе, Ашықбай ағай кез келген мамандықтың өзіндік ерекшелігі болатындығын және өзі кәсіп еткен ұсталық мамандықтың өмірде қажеттілігіне тоқталды.
Студенттер өздері таңдаған мамандықтарының болашағына тоқталып, өз ойларымен бөлісті.
Кездесуді колледж әдіскері Р.Елдесбаева қорытындылап, студенттерге жақсы болашақ үшін жақсы маман болу керек екендігін атап айтты.
15 мамыр 2025 ж. 436 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 632
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 403

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031