» » Риясыз ниет, қалтқысыз қызмет

Риясыз ниет, қалтқысыз қызмет

Жаратқан пендеге өмірді сынақпен беріп, жақсылықта жарысуды бұйырған. Бұл дүниеде риясыз ниетпен, халық пен дінге қалтқысыз қызмет еткен адамдар ғана ел есінде ұзақ сақталады. Солардың бірі – Қармақшы өңірінің рухани-діни саласына адал қызмет еткен – Камал ағамыз еді.
Ол аудан жүрегінде орналасқан Марал ишан мешітінде 15 жыл бойы азан айтты. Оның мешітке деген ықыласы, қоғамға деген көзқарасы – нағыз имандылықтың, беріктіктің белгісіндей болды. Күннің аптап ыстығына да, қақаған аязына да қарамай, үзіліссіз жыл бойы – 365 күн мешітке келіп, өз міндетін атқаратын. Молда ағамыздың бұл тұрақтылығы мен адалдығы – қазіргі буынға үлгі, асыл өнеге деп білеміз.
Тек азан айтып қоймай, мәйіт жуындыру, кебіндеу, жаназа шығару, ас-садақаларда қызмет ету сияқты ауыр да жауапты, сауапты істердің барлығында жүрді. Бұл – көптің қолынан келе бермейтін, сабыр мен жүрек қалауын талап ететін сауапты іс. Мұның бәрін еш ренжімей, міндетсінбей, ықыласпен атқарды.
Жамағатпен қарым-қатынасы өте жылы, жүзінен нұр төгіліп тұратын. Кез келген адамға сабырмен, мейіріммен қарап, әрбір сөзімен жұртты жақсылыққа, имандылыққа үндейтін. Азан шақырғанда мешіт іші ғана емес, жүректер де тыныштық тауып, иманмен оянатын.
Камал ағамыздың өмірінің соңғы күніне дейін мешітпен байланысы үзілмеді. Сол қасиетті орнында жүріп, тағдырдың жазуымен өмірден өтті. Бұл – Жаратқанның оған деген ерекше ілтипаты екені сөзсіз.
«Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» демекші, артында қалдырған сауапты істері, жамағаттың алғысы мен дұғасы, жарқын бейнесі біздің жүрегімізде.
Еліміздің рухани тәрбиелік дамуында имандылықтың алар орны бөлек. Осы ретте мешіттеріміз халыққа өз қызметін көрсетуде. Оның ішінде жастардың бойына иман нұрын ұялатып, адамгершілік жақсы қасиеттерді сіңіруде бірқатар мақсатты алға қойған. Соның бірі алдағы уақытта Камал ағамыздың есімін есте қалдыруда мешітте «Азаншылар» байқауын ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз.
Нұрболат РАХМЕТОЛЛАЕВ,
аудандық «Қармақшы ата» мешітінің бас имамы
30 сәуір 2025 ж. 526 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

№63 (10431)

23 тамыз 2025 ж.

№62 (10430)

19 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 275
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Жосалы жаңару жолында
26 тамыз 2025 ж. 231

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031