» » ӨСІМДІКТЕРДІ ЗИЯНКЕСТЕРДЕН ҚОРҒАУ МАҢЫЗДЫ

ӨСІМДІКТЕРДІ ЗИЯНКЕСТЕРДЕН ҚОРҒАУ МАҢЫЗДЫ


Қызылорда облысында калифорниялық қалқанша сымыры мен қауын шыбыны, карантиндік арамшөп - кекіре мен сарышырмауық зиянкестер таралған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Мұхтар Оразбаев мәлімдеді.

Биыл жасалған зерттеу жұмыстарының нәтижесімен 2025 жылы жатаған у кекіреге қарсы – 97,5 га қауын шыбынына қарсы 1750 га калифорниялық қалқанша сымырына қарсы – 34,5 га арамсояуға қарсы – 427,87 га жерге өңдеу жұмыстары жүргізілмек.

«Облыс аумағында зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдер мен карантиндік объектілерге қарсы күресу шараларын ұйымдастыру және үйлестіру жұмыстарын жүргізу жөнінде жұмыс тобының құрамы бекітілді. Жол картасына сәйкес, маусымдық кезеңде облыс көлемінде шегіртке зиянкестерімен күрес шараларын ұйымдастыру-үйлестіру жұмыстарын жүргізуге 4 жұмысшы топ жұмылдырылады. Жалпы облыс аумағында үйірлі шегіртке зиянкестеріне қарсы жүргізілетін қүресу шараларына 324 адам қатыстырылады. Оның ішінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен маусымдық жұмысқа 230 зерттеуші маман тартылмақ. Қазіргі уақытта жоспарына сәйкес, болжам әдістемелік орталығы шегрітке зиянкестерінің қыстап шыққан күбіршектеріне көктемгі мониторинг жұмыстарын жүргізіп жатыр», - деді Мұхтар Әуесұлы.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

21 сәуір 2025 ж. 397 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

№63 (10431)

23 тамыз 2025 ж.

№62 (10430)

19 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 276
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Жосалы жаңару жолында
26 тамыз 2025 ж. 536

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031