» » Абай қара сөздерінің қоғамдағы даукестіктің алдын алу және бітімге шақырудағы орны

Абай қара сөздерінің қоғамдағы даукестіктің алдын алу және бітімге шақырудағы орны

Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды.
Абайдың шығармаларына зер салсақ, халықты ынтымаққа шақырауға, дауласпауға, тату болуға тілеулес болғанын, оны барынша дәріптегенін байқаймыз. Ұлы Абайдың «Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге» деген өнегелі өсиетін де осы тұрғыдан ұғынуымыз қажет.
Абай - ірі гуманист ақын. Ол жалпы адам баласының достығын жыр етті. Абайдың көп өлеңдерінде адам баласы біріне-бірі жаулық емес, татулық, достық, ізгілік іздесін деген пікір өзек болып тартылып жатады.
Оған Абай ақынның:
«Кемді күн қызық дәурен тату өткіз,
Жетпесе біріңдікін бірің жеткіз.
Күншілдіксіз тату боп шын көңілмен,
Қиянатшыл болмақты естен кеткіз» - деген өлең жолдары дәлел бола алады.
Абайдың түсінігінше, ең ізгілікті өмір - татулық, достық. Күн сайын жаулықтың отына май тамызып тұтатушы қоғамның жуан ортасында отырса да, Абай достықты, ынтымақты, бірлікті, халық арасындағы дауласуды азайтуды жырлады.
Абай ақын өз сөзінде: «Адам баласына адам баласының бәрі - дос. Не үшін десең: дүниеде жүргенде туысың, өсуің, ашығуың, қайғың, қазаң, дене бітімің, шыққан жерің, барар жерің бәрі бірдей... Біріңе бірің қонақ, қонақ соры екенсің, өзің дүниеге де қонақ екенсің...» - дейді.
Бұл тұжырымдар қазір де аса өзекті. Тіпті бұрынғыдан да зор маңызға ие болып отыр. Себебі, татулықты, тұрақтылықты, бірлікті сақтау, дауласуды төмендету – ел дамуы, отбасы құндылықтарын сақтауда, азаматтарды бітімгершілікке шақыруда маңызды рөлге ие болып отыр.
Ал, біздің міндетіміз – Аба атамыздың өнегелі сөздеріне құрметпен қарап, қазіргі өмірімізде басты ұстаным етіп, дамудың жаңа белестеріне бірге көтерілу.
Бір ғана мысал. Қазіргі таңда ерлі-зайыптылардың арасындағы отбасы даулары өте көп. Оның соңы айналып келіп некені бұзылуына әкеледі. Ал, негізгі себептерін зерделеп отырсақ, тұрмыстың нашарлығы, несие, жетіспеушілік, жұмыссыздық болып отыр. Қазіргі таңда жұмыс істеймін деген жандарға екі қолға бір күрек табылады. Яғни, адамның өзінің ынтасы болуы керек. Бұл жөнінде Абай өлеңдеріндегі «Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарның тіленбей», «Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық, Аздырар адам баласын», «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап» – деген қазыналы ойлар бәрімізге жақсы таныс. Әр адам осы түйінді тұжырымдарды санасына берік тоқып, өзінің тынымсыз, адал еңбегімен айналасына үлгі болуы керек.
Абайды өз заманындағы іскерліктің ұйытқысы, еңбекқорлықтың мотиваторы деуге болады. Ұлы ойшыл шығармаларында кәсіптен нәсіп тапқандарды, шаруақорлыққа үйрену дағдыларын үлгі етеді. Ол тұрмыс сапасын жақсарту үшін еңбек етудің жаңа тәсілдерін меңгеруге шақырады. Сонымен қатар ақын бастамашылдықты, кәсіптегі адалдықты жоғары қояды. Мысалы, өзінің оныншы қара сөзінде «Ерінбей еңбек қылса, түңілмей іздесе, орнын тауып істесе, кім бай болмайды?», – деп тұжырым жасайды.
Абай мұрасы – біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық.
Жалпы, өмірдің қай саласында да Абайдың ақылын алсақ, айтқанын істесек, ел ретінде еңселенеміз, мемлекет ретінде мұратқа жетеміз.
Абай арманы – халық арманы. Халық арманы мен аманатын орындау жолында аянбағанымыз абзал. Абайдың өсиет-өнегесі ХХІ ғасырдағы жаңа Қазақстанды осындай биіктерге жетелейді.
Биыл ұлы адамның туғанына 180 жыл! Оны Республикалық, облыстық, аудандық көлемде тойлап, рухани дамуға бағытталған қоғамдық-мәдени шаралар өткізуқажет!
Бибигуль Ахунбаевна Абубакирова,
Байқоңыр қалалық сотының судьясы

14 сәуір 2025 ж. 272 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10395)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

№25 (10393)

08 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 607
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930