» » Біз Абайды білеміз, оқимыз, бағалаймыз

Біз Абайды білеміз, оқимыз, бағалаймыз

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінде «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Біз Абайды білеміз, оқимыз, бағалаймыз» Әдеби аукционы өткізілді. Колледж оқытушылары А.Джумагалиева мен Н.Абдиевалар студенттерді аудан орталығындағы кітапхана апарып, сол жердегі Абай бөлмесімен таныстырды. Ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырған Абай Құнанбайұлының еңбектері мен шығармашылығы жайында айтып өтті. Сонымен қатар, студенттер Абай шығармашылығынан өлеңдер оқып, өз ойларымен бөлісті. А.Әлібаева «Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап» А.Жәнібекова «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», Е.Жәнібеков «Ғылым таппай мақтанба» А.Машенова «Күз» өлеңдерін жатқа оқыды. Абай поэзиясы – қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Абай өлеңдерінен қазақ даласының табиғаты, қазақ өмірінің шындығы, арман тілегі, ұлттық ерекшелік қасиеттері түгел көрініп, сезіледі. Абайдың өзін көрмей, сөзін оқу арқылы, естіп ұғыну арқылы бойымызға сіңіреміз. Абай шығармаларын қайта-қайта оқи отырып, шығармашылығының нағыз өмір энциклопедиясы екендігіне тәнті боламыз.
23 ақпан 2023 ж. 783 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930