» » АҚЫНДЫ насихаттады

АҚЫНДЫ насихаттады

qarmaqshy-tany.kz Абай – мәңгілік тақырып, өшпес тұлға. Оның ғибратқа толы қара сөздері мен жақұт жырлары әлем әдебиетінде болмаған ерекше құбылыс. Өлеңдері халықты адамгершілікке үндеп, мәні зор тәрбие береді. Әлі күнге Абайды елдің түкпір-түкпірінде насихаттап, даналығын паш етуде. Соның бірі – Алдашбай ахун ауылындағы No10 бөбекжай-бақшасы ақын жайында түрлі іс-шара өткізіп, насихаттауда.

Жақында бөбекжай-бақшасындағы «Балдырған» тобында топ тәрбиешісі Айгерім Қалпиева жыл сайын дәстүрге айналған «Абай- тану» үйірмесінің іс-шарасын өткізді. Бұл үрдіс төрт жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Мақсаты – Абай Құнанбайұлының ақындық талантын бала жүрегіне ұялату арқылы оның шығармаларын таныстырып, мәнерлеп, жатқа айтуға тіл байлығын дамыта отырып рухани танымын кеңейту. Мұндағы бүлдіршіндер ақынның шығармаларын тыңдап, сөздік қорын молайту мақсатында өлеңдерін мәнерлеп оқып, жатқа да айтады. Тіпті сахналық қойылымдарды қойып, Абайды сомдайды.
Үйірмеде топ тәрбиешісі Айгерім Панабекқызы балалар арасында «Айбай – дана, Абай – дара қазақта», «Асыл сөзді іздесең – Абайды оқы ерінбе» тақырыбында ақын өлеңдерін мәнерлеп айтудан сайыс өткізді. Сондай-ақ бүлдіршіндер Айназым Ұлық, Айбар Бегалы, Айсұлтан Оңғарбай, Нұрислам Нұрасылұлы, Әли Әбутәліп, Нұрислам Бақтиярұлы, Нұртілек Алматұлы Абай Құнанбайұлының жылдың төрт мезгіліне арналған «Қыс», «Көктем», «Жаз», «Күз», «Ғылым таппай мақтанба», «Әсемпаз болма әрнеге», «Білімдіден шыққан сөз» секілді өлеңдерін жатқа айтты. Ал топ балалары Іңкәр Аслан, Нұрәділ Оңғар, Іңкәр Қалдыбек, Нұрболхан Ержұма, Бисұлтан Молдабек, Айсұлтан Сүгірәлі ақынның «Шегіртке мен құмырсқа» мысалынан сахналық қойылым қойды.
No10 бөбекжай-бақшасының бүлдіршіндері бүгінде Абай шығармаларынан өлең жаттап, республикалық байқауларға онлайн қатысып, диплом, алғыс хаттармен марапатталып келеді. Ақынның «Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» деген өлең жолдары да өзіне арналғандай. Абай айтқан жолмен әр қазақ баласы жүрсе, еліміздің білімін, болашағын көтеретін саналы жастар шығатыны сөзсіз. Ал ақынға арналған тағылымды шара, соның бастауы болмақ.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
07 ақпан 2023 ж. 289 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 354

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 435

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930