» » ӘКЕ КӨРГЕН ОҚ ЖОНАР...

ӘКЕ КӨРГЕН ОҚ ЖОНАР...

Отбасындағы бала тәрбиесінде әкенің рөлі маңызды. Қазақ «Әкеге қарап ұл өсер» деп бекер айтпаған. Иә, әке тәрбиесі арқылы бала өзіне тән мінез-құлқын қалыптастыратыны анық. Ұл бала үйдегі де, сырттағы да ер адамға қажет тағылымдарды, көбінесе әкесінен үйренуге ұмтылады. Сондықтан әкенің балаға деген тәрбиесі дұрыс болуы қажет.
Жасыратыны жоқ, бүгінгі қоғамда әкелер мектебінің әлсіз тұстары көрініп жатады. Соның салдарынан жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық көбейіп, соңы қылмыстық іске әкеп соғуда. Одан бөлек, толық емес отбасында өскен, әкенің тәрбиесін көрмеген, қас қабағынан сескенбеген ұлдан бұзақылық әрекеттер шығып, қоғамға залалы тиюде.
Осыған орай аудандағы А.Жанпейісов атындағы No105 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен мектепішілік «Әкелер одағы» кеңесінің мүшелерімен «Әке – асқар тау, биік шың» тақырыбында кездесу өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұлов, аудандық прокуратураның аға прокуроры Еркін Мусаев, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Оспан Ешжанов, аудандық білім бөлімінің әдіскері Ақтолқын Тоқшылықова, аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы Мағауия Әлиев арнайы қатысты.
Алдымен іс-шарада білім беру ұйымындағы робототехника, үйірме жұмыстары, азаматтық әскери- патриоттық тәрбие беру, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша жұмыстар таныстырылды. Одан кейін «Коворкинг» залында жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша әкелер қауымдастығының міндеттері мен отбасы тәрбиесіндегі әкенің рөлі жайлы талқылау өткізілді. Сондай-ақ «Әкелер одағы» кеңесінің мүшелері ой-пікірлерін жеткізіп, оқушылар сахналық көрініс көрсетті.
Кездесуде аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы сөз сөйлеп, жастарға кеңесін айтты.
– Бүгінде бала тәрбиесі қоғамда ең өзекті мәселеге айналған. Жастар арасындағы құқықбұзушылық күн өткен сайын көбейіп барады. Мұның ел болып алдын алуымыз керек. Осы ретте әкенің балаға мықтап тәрбие беруі тікелей қатысты. Мұндай кездесулерді жиі ұйымдастыруымыз керек. Қазір ынталы жастарға мемлекет тарапынан мүмкіндік көп. Ол үшін мектеп қабырғасында жүргенде сапалы білім алып, саналы ұрпақ болуға қалыптасу қажет. Болашақтың кілті жастардың қолында. Сондықтан жаман әдеттен арылып, қоғамға пайда әкелетін азаматтардың қатарынан болуымыз керек, – деді ол.
Мұнан соң іс-шарада қатысушылар арасынан әке мен бала бірігіп қамшы өруді жаңғыртса, әкелер қамшының киесі мен қасиетінен сыр шертті. Ал аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы Мағауия Әлиев қорытынды сөз сөйлеп, «Ұл баланың тәрбиесіне әкенің көп көңілі қажет» деген ой тұжырымын жеткізді. Жиын соңында белсенділік танытқан әкелерге No105 мектеп-лицейінің директоры Нұржан Раймов Алғыс хат табыстады.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
16 наурыз 2025 ж. 283 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№19 (10387)

15 наурыз 2025 ж.

№18 (10386)

08 наурыз 2025 ж.

№17 (10385)

04 наурыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 502
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31