» » АУДАНДА ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ТҰРАҚТЫ

АУДАНДА ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ТҰРАҚТЫ

Қазақстан Республикасы аймағының 39 пайызы оба ауруынан қолайсыз болып есептеледі. Облысымыз Орталық Азия табиғи шөлейтті оба ошағының белсенді бөлігінде орналасқан. «Қызылорда обаға қарсы күрес станциясы» Жосалы обаға қарсы күрес бөлімшесінің эпизоотологиялық бақылау жасау аумағының құрамына Қызылорда облысының 2 ауданы (Қармақшы, Жалағаш) және Ұлытау облысының Ұлытау ауданының оңтүстік бөліктері кіреді. Бақылау жасау аумағының көлемі 72800 шаршы шақырым, оның 60000 шаршы шақырымы (82,4%) обаның энзоотиялық аймағын құрайды.
Эпизоотологиялық зерттеу аумағында орналасқан халықтың оба және басқа да аса қауіпті, карантинді жұқпалардан санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында Жосалы обаға қарсы күрес бөлімшесінің 1 тұрақты зертханасымен және 2 эпиджасақ күшімен эпидемиологиялық бақылау және алдын алу шаралары ұйымдастырылады. Жыл сайын кеміргіштер арасында әртүрлі деңгейде оба ауруының эпизоотиясы тіркелуде.
Былтыр бөлімше бойынша 36300 ш/ш жер зерттеумен қамтылды. Бұл жылдық жоспардың 100 пайызын құрайды. 300 ш/ш жерде эпизоотия бактериологиялық әдіспен 7 кеміргіштен, 1 бүрге себуінен оба қоздырғышы бөлінді. Барлығы 8 оба қоздырғышы бөлінді. 4 серопозитивті кеміргіштер анықталды. Оба эпизоотиясы тіркелген жағдайда аймақтарда тиісті эпизоотиялық және эпидемиологиялық шаралар уақытылы және өз деңгейінде атқарылды. Оба эпизоотиясының алдын алу мақсатында 7 қорғаныс белдігін құрып, жалпы көлемі 100,0 ш/ш далалық дезинсекция жұмыстары жүргізілді.
Елді мекендердегі орналасқан халықтың денсаулығын сақтау, аурудың алдын алуда профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Бөлімшенің зерттеу аумағында орналасқан елді мекендерінде 110,0 мың ш/м кеміргіштермен қоныстануына, 70,0 мың ш/м бүргелермен зақымдануына тексеру жұмыстары жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде 110,0 мың ш/м елді мекендік дератизация және 100,0 мың ш/м дезинсекция жұмыстары жүргізілді.
2024 жылға филиал бақылауындағы тұрақты қауіпті топтарға жататын 2071 адам обаға қарсы егілуге жоспарланып, 2071 адамы егілген (100%). Бөлімше зертханаларына жеткізілген материалдар обамен қатар басқа да зооноздық індеттерге (листериоз, пастереллез, псевдотуберкулез, ішек, кристенсени иерсинозы) тексеру мақсатында кеміргіштерді бактериологиялық және серологиялық әдістермен зерттелді. Эпидемиологиялық маусым кезінде зерттеу нәтижесінде барлығы 12750 серологиялық реакция қойылды, оның ішінде 2 сынама пастереллезге, 60 сынама кристенсени иерсиниозына, 100 сынама ішек иерсениозына, 3 сынама листериозге, 11 сынама пастереллезге, 61 сынама псевдотуберкулез иерсиниозына оң мәнді болып табылды.
Аудан аумағын кесiп өтетiн темiржол, автокөлiк магистральдары Жосалы кентін, аудан орталықтарын басқа облыстармен, әсiресе тырысқақтан қолайсыз Оңтүстік Қазақстан облысымен, Өзбекстан Республикасымен байланыстырады. Көптеген облыстармен, алыс-жақын шетелдермен нарықтық, туристiк, сауда-саттық байланыстары нығая түсiп, облыс бойынша көшiп-қону үрдістерiн жандандырып, тырысқақтың облысқа әкелiну қаупiн тудыруда. Сол себептен Қызылорда облысы тырысқақтың эпидемиологиялық қауіптілігін құрайтын кешенді факторлар бойынша I типті аумақтарға жатады.
Есеп беру мезгілінде тырысқақтың алдын алуда 160 жедел-ішек ауруларымен науқастанған адам тексеріліп, нәтижесі тырысқаққа теріс болды. Қоршаған орта нысандарынан (ашық су көздері, жағажайлар, арналар, арықтар) 66 су сынамасы тексеріліп, нәтижесінде 11 су сынамаcынан серотобы О1 емес, яғни эпидемиологиялық маңызы жоқ тырысқақ вибрионы бөлінді. Бөлімше мамандарымен жұмыс тәжірибесінің нәтижелерін қорытындылау, эпидемиологиялық бақылауды жақсартуда ғылыми-зерттеу басылымдарында 2 мақала жарияланды.
Бірлескен бұйрыққа сәйкес өткен жылы аса қауіпті жұқпалы инфекцияға сезікті науқас анықталған жағдайда атқарылатын іс-шараларға қатысы бар мекемелердің қызметкерлерімен шартты науқас (оба ауруына күдікті) анықталғандығы бойынша жаттықтыру сабақтары ұйымдастырылды. Жаттығу сабақтарын өткізу барысында анықталған кемшіліктер талқыланып, тәжірибелік кеңес берілді.
Аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандарымен бірлесіп жергілікті медицина қызметкерлері арасында «Оба ауруының қазіргі уақыттағы әлемдегі эпидемиологиялық ахуалы. Оба ауруымен алғаш рет сырқаттану жағдайларын ерте анықтауға, жұғу жолдары, сақтану шаралары, зертханаға сынама алу, тасымалдауда эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтау және ошақты таратпау мен жою бойынша» тақырыбында семинарлық сабақтар жүргізілді. Эпидмаусым алдында карантиндік жұқпалардың клиникасы, диагностикасы, эпидемиологиясы туралы нұсқаулықтар, семинарлық сабақтар ұйымдастырылады.
Аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу барысында 24 семинар өткiзiлген, онда 64 дәрiгер, 318 орта буын маманы даярланды, 13 нұсқаумен 3 дәрігер, 20 орта буын маман, 36 ветеринар қамтылды. 33 жаттығу сабақтары ұйымдастырылып, 67 дәрігер, 338 орта буын мамандары қатыстырылды. Халық арасында 35 дәрiс оқылып, 1003 әңгiме өткiзiлген, 1019 парақша үлестірілген. Санитарлықағарту жұмыстарымен 6066 адам қамтылды.
Есеп беру кезеңінде 33 емдеу-профилактикалық ұйымдарының бастапқы эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шараларды жүргізуге дайындығын қамтамасыз ету бойынша кеңестік-әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетілді. Жосалы обаға қарсы күрес бөлімшесіне және бөлімшеге қарасты Түпбөгет эпиджасағы ғимараттарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жосалы обаға қарсы күрес бөлімшесі обаға және басқа карантинді, аса қауіпті инфекциялар бойынша эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіп, аудан бойынша эпидемиологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге атсалысуда.
Е.ЗЕРХАНҰЛЫ,
Жосалы обаға қарсы күрес бөлімшесінің бастығы
04 наурыз 2025 ж. 283 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№17 (10385)

04 наурыз 2025 ж.

№16 (10384)

01 наурыз 2025 ж.

№15 (10383)

25 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 447
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31