» » Жемқорлықпен күрестегі цифрлық технологиялардың рөлі

Жемқорлықпен күрестегі цифрлық технологиялардың рөлі

Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін күрделі мәселе. Бұл құбылыс қоғамның әлеуметтік әділдігін бұзып, экономикалық өсуді тежейді. 2025 жылға қарай Қазақстанда жемқорлықпен күрес бағытында цифрлық технологияларды енгізу жалғасып, елеулі нәтижелерге қол жеткізілді. Заманауи цифрлық шешімдер мемлекеттік басқаруда ашықтықты қамтамасыз етіп, азаматтар мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара байланысты жеңілдетуде маңызды рөл атқаруда.
Цифрлық технологиялардың жемқорлықты азайтудағы басты артықшылықтары - ашықтық. Елімізде электронды үкімет (eGov) жүйесінің енгізілуі арқылы азаматтар мен бизнес өкілдері мемлекеттік қызметтерді делдалсыз, жылдам әрі ашық ала алады. Бұл жүйе жемқорлық тәуекелдерін азайтады. Азаматтар eGov порталдары мен мобильді қосымшалар арқылы шағымдарын немесе ұсыныстарын тікелей беруге мүмкіндік алып мемлекеттік органдардың ашықтығын арттыруда.
Сонымен қатар, «E-Otinish» жүйесі арқылы азаматтардың шағымдары мен ұсыныстары нақты уақыт режимінде тіркеліп, жауап беру уақыты оңтайландырылды. Осы арқылы халықтың мемлекеттік органдар жұмысына деген сенімі арта түсті.
Архив саласы да цифрлық жүйеге көшуден қалыс қалған жоқ. Республикамыздың барлық өңірлері бойынша 2021 жылы енгізілген «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесі (E-Архив АЖ) толығымен жұмыс жасап әрі қарай жетілдірілуде. Бұл жүйе арқылы мекемелер құжаттарды электрондық форматта мемлекеттік архивке тапсырып, архивтік анықтамаларды жылдам алуға мүмкіндік береді. Мысалы, «Қармақшы аудандық архиві» филиалына «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» қызметі арқылы өткен жылы 1000-нан астам, ал 2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында 331 сұрау өңделіп, азаматтарға жауап берілді.
Қазіргі таңда ауданда бұл ақпараттық жүйеге әкім аппараты, аудандық мәслихат, аудандық білім бөлімі, Қармақшы ауданы әкімдігіне қарасты кент әкімдері, бөлімдер және барлық ауылдық округ әкімдіктері ақпараттық жүйеге қосылған және құжаттарын электрондық түрде өткізетін болады.
Жемқорлықпен күресте технологиялар қаншалықты маңызды болса, азаматтардың цифрлық сауаттылығы да соншалықты қажет. Қазақстанда «Цифрлық сауаттылық» бағдарламасы кеңейтіліп, халыққа онлайн қауіпсіздік, eGov жүйесін пайдалану, электрондық қолтаңбаны қолдану бойынша тренингтер өткізілді.
Цифрлық технологиялар – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі қуатты құрал. Қазақстанда электрондық жүйелердің дамуы мемлекеттік қызметтің ашықтығын, тиімділігін және халыққа қол жетімділігін арттыруда үлкен жетістіктерге жеткізуде. Дегенмен, цифрлық инфрақұрылымды үздіксіз жетілдіру, деректердің қауіпсіздігін күшейту және азаматтық қоғамның белсенділігін қолдау жемқорлықсыз қоғам құрудағы басты қадамдар болып қала береді.
Әрбір азамат адалдық пен әділдікті бағалап, цифрлық мүмкіндіктерді пайдалану арқылы сыбайлас жемқорлықпен күреске өз үлесін қоса алады.
Технологиялардың қарқынды дамуы бізге сыбайлас жемқорлықты түбегейлі азайтуға мүмкіндік беріп отыр. Сыбайлас жемқорлықпен күрес әрбір азаматтың жауапкершілігінен басталады. Әрбір азамат адалдық пен әділдікті басты құндылық ретінде қабылдап, жемқорлықсыз қоғам құруға өз үлесін қосуы тиіс.
Аяғанов Нұржан Ғазизбекұлы
«Қармақшы аудандық архиві»
филиалының архивисті
04 наурыз 2025 ж. 136 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№17 (10385)

04 наурыз 2025 ж.

№16 (10384)

01 наурыз 2025 ж.

№15 (10383)

25 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 447
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31