Жемқорлыққа қарсы күрес – әр азаматтың міндеті
qarmaqshy-tany.kz Еліміз тәуелсіздік алғалы едәуір жетістіктер мен табыстарға жетті. Мемлекетіміз саяси-экономикалық дамуы жағынан он жетістіктері мен көзге түсті. Бұл Қазақстан халқынын бірлігінің ынтымағының, халықтар достығының көрінісі. Алайда, болашақ дамуымызға едәуір кедергі келтіретін теріс құбылыс - сыбайлас жемқорлық екені баршамызға белгілі. Сыбайлас жемқорлық - қоғамға жат, елдің өркендеуіне кедергі келтіретін қауіпті әлеуметтік құбылыс. Осыған байланысты мемлекетіміз бұл құбылысқа қарсы бағытталған ұйымдастырушылық шараларды қолға алды. Мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын одан әрі айқындау мақсатында "ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы" туралы ҚР Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсанында N986 Жарлығы жарияланды.
1 қыркүйек 2022 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ" тақырыбындағы жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - еліміздің стратегиялық дамуындағы негізгі басымдықтардың бірі екендігін және бюджет қаржысын және жалпыұлттық байлықты талан-таражға салатын жемқорлық әрекеттер мен оның астыртын жолдарын ұйымдастырушыларды іздеуге, түпкі амал-тәсілдерін анықтауға барынша күш салу өте маңызды екенін айтты.
Осы саясатты ұстанып «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Қармақшы аудандық архиві» филиалы» Заң талаптарына сай жыл басында іс-шаралар жоспары бекітіліп жоспарға сай аудандық архив мекемесі мемлекеттік қызмет көрсететін саланың бір тармағы ретінде сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша жұмыс істейтін органдарымен бірлесіп құқықтық оқулар өткізіп өзара іс-қимыл әрекеттері жандандырып тұрады. Мекемемізде сыбайлас жемқорлықттың алдын алу мақсатында семинарлар, кездесулер, құқықтық оқулар, БАҚ-та материалдар жариялау арқылы түсіндірме жұмыстары дәстүрлі түрде жүргізіледі.
Мекеме ғимараттың бірінші қабатында жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне қабылдау үшін жәшік орналасқан және сенім телефоны жұмыс істейді.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықты болдырмау және архивтік анықтаманы электронды түрде берудің мерзімін қысқарту бағытында архив құжаттарын цифрлық форматқа өткізу 2013 жылдан бері қарқынды жүргізіліп жатыр. 2022 жылдың қортындысымен 21 қордан 7016 құжат 944 мың 817 парақ цифрлық форматқа көшірілді.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі тапсырмасымен «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» (Е-Архив) ақпараттық жүйесі жасалып, мекемедегі сандық форматтағы құжаттарды жаңа жүйеге енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда бұл ақпараттық жүйе аудан әкімінің аппараты, аудандық мәслихат, Жосалы, Төретам кенті әкімі аппараттары, Қармақшы ауданы әкіміне қарасты бөлімдер және барлық ауылдық округ әкімдіктеріне, барлығы 30 мекемеге қосылды. Аталған мекемелер алдағы уақытта осы ақпараттық жүйе арқылы архив мекемесіне құжаттарын электрондық түрде өткізетін болады.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп халық даналығы айтқандай біз мемлекеттік саясатты жақтап, оның орындалуына басты себепкерміз. Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу - мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы. Осы кеселге қатаң бағытталған мемлекеттік бағдарлама жоғары деңгейдегі жауаптылықпен іске асырылуы тиіс. Мемлекет пен қоғамның арасындағы байланыс қана сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға мүмкіндік береді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрбір азаматтың ұстанымына, ол адалдық мінез-құлық нормасына айналуы тиіс.
Аяғанов Нұржан Ғазизбекұлы
«Қармақшы аудандық архиві»
филиалының архивисті