» » Жемқорлыққа қарсы күресті тоқтатпау керек

Жемқорлыққа қарсы күресті тоқтатпау керек

Еліміз тәуелсіздік алған 27 жылдын ішінде едәуір жетістіктер мен табыстарға жетті. Мемлекетіміз саяси-экономикалық дамуы жағынан он жетістіктері мен көзге түсті. Бұл Қазақстан халқынын бірлігінің ынтымағының, халықтар достығының көрінісі. Алайда, болашақ дамуымызға едәуір кедергі келтіретін теріс құбылыс - сыбайлас жемқорлық екені баршамызға аян. Сыбайлас жемқорлық - қоғамға жат, елдің өркендеуіне кедергі келтіретін қауіпті әлеуметтік құбылыс. Осыған байланысты мемлекетіміз бұл құбылысқа қарсы бағытталған ұйымдастырушылық шараларды қолға алды. Мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын одан әрі айқындау мақсатында "ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы" туралы ҚР Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсанында N986 Жарлығы жарияланды.
2 қыркүйек 2019 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" тақырыбындағы жолдауында сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу мәселесі күн тәртібінен түспеу керектігін баса айтып мемлекеттік қызметшілер жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында арнайы дайындығы бар жас кадрларды тарту қажеттігін баса айттын.
Осы саясатты ұстанып "Қызылорда облысының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Қармақшы аудандық филиалы»Заң талаптарына сай жыл басында іс-шаралар жоспары бекітіліп жоспарға сай аудандық архив мекемесі мемлекеттік қызмет көрсететін саланың бір тармағы ретінде сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша жұмыс істейтін құқық қорғау органдарымен бірлесіп құқықтық оқулар өткізіп өзара іс-қимыл әрекеттері жандандырып тұрады. Мекемемізде семинарлар, кездесулер,  БАҚ-та материалдар жариялау арқылы түсіндірме жұмыстары дәстүрлі түрде жүргізіледі.
Сонымен қатар мекемемізде сыбайлас жемқорлықты болдырмау және архивтік анықтаманы электронды түрде берудің мерзімін қысқарту бағытында құжаттарды цифрлық форматқа өткізу 2013 жылдан бері қарқынды жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта 17 қордан 4484 құжат 623588 парақ цифрлық форматқа өткізіліп тұр.
Мекеме ғимараттың бірінші қабатында жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне қабылдау үшін жәшік орналасқан және сенім телефоны 2-21-88 жұмыс істейді.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп халық даналығы айтқандай біз мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік саясатты жақтап, оның орындалуына басты себепкерміз. Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу - мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы. Осы кеселге қатаң бағытталған мемлекеттік бағдарлама жоғары деңгейдегі жауаптылықпен іске асырылуы тиіс. Мемлекет пен қоғамның арасындағы байланыс қана сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға мүмкіндік береді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрбір азаматтың ұстанымына, ол адалдық мінез-құлық нормасына айналуы тиіс.
  
Нұржан АЯҒАНОВ,
"Қызылорда облысының мемлекеттік архиві"
  кмм-нің Қармақшы аудандық филиалының     
       ақпараттық технология инспекторы
18 қыркүйек 2019 ж. 760 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 142

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 141

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 291

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930