Сыбайлас жемқорлыққа қауқарлы күрес қажет

2 қыркүйек 2019 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" тақырыбындағы жолдауында сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу мәселесі күн тәртібінен түспеу керектігін баса айтып мемлекеттік қызметшілер жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында арнайы дайындығы бар жас кадрларды тарту қажеттігін баса айттын.
Осы саясатты ұстанып "Қызылорда облысының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Қармақшы аудандық филиалы» Заң талаптарына сай жыл басында іс-шаралар жоспары бекітіліп жоспарға сай аудандық архив мекемесі мемлекеттік қызмет көрсететін саланың бір тармағы ретінде сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша жұмыс істейтін органдарымен бірлесіп құқықтық оқулар өткізіп өзара іс-қимыл әрекеттері жандандырып тұрады. Мекемемізде семинарлар, кездесулер, БАҚ-та материалдар жариялау арқылы түсіндірме жұмыстары дәстүрлі түрде жүргізіледі.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықты болдырмау және архивтік анықтаманы электронды түрде берудің мерзімін қысқарту бағытында архив құжаттарын цифрлық форматқа өткізу 2013 жылдан бері қарқынды жүргізіліп жатыр. 2019 жылдың қортындысымен 17 қордан 4734 құжат 659344 парақ цифрлық форматқа көшіріліп тұр.
Мекеме ғимараттың бірінші қабатында жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне қабылдау үшін жәшік орналасқан және сенім телефоны 2-21-88 жұмыс істейді.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп халық даналығы айтқандай біз мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік саясатты жақтап, оның орындалуына басты себепкерміз. Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу - мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы. Осы кеселге қатаң бағытталған мемлекеттік бағдарлама жоғары деңгейдегі жауаптылықпен іске асырылуы тиіс. Мемлекет пен қоғамның арасындағы байланыс қана сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға мүмкіндік береді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрбір азаматтың ұстанымына, ол адалдық мінез-құлық нормасына айналуы тиіс.
Аяғанов Нұржан Ғазизбекұлы
"Қызылорда облысының мемлекеттік архиві"
кмм-нің Қармақшы аудандық филиалының
ақпараттық технология инспекторы