» » МАМАНДЫҚ – ӨМІР ТАҢДАУЫ

МАМАНДЫҚ – ӨМІР ТАҢДАУЫ

Мамандық таңдау – адам өміріндегі ең жауапты кезеңнің бірі. Өйткені бүкіл болашағыңыз осыған байланысты. Келешекте өкінбеу үшін, бұл мәселеге немқұрайлы қарауға болмайды. Бұл сауал оқушыны ғана емес, сондай-ақ оның ата-анасын да мазалайды. Себебі, кәсіп таңдау – оқушының өмір жолын анықтайтын шешуші сәттердің бірі.
Осыған орай, Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеплицейі интернатының тәрбиешілері Эльмира Қойшыбаева мен Бибінұр Қалмаханованың ұйымдастыруымен 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Мамандық – өмір таңдауы» тақырыбында кездесу өтті.
Оған «Жастар денсаулық орталығы» қызметкері Әмина Кетебаева, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» директоры Нұржұман Пірназаров, «Қармақшы таңы» газетінің тілшісі Ардақ Сәкенқызы, «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» кабинетінің қызметкері Дариха Құлмырзаева, №250 мектеплицейінің психологі Құралай Алданазарова арнайы қатысты.
Кездесудің мақсаты – «1 наурыз – Алғыс айту» күнін атап өту, мамандық таңдауға кеңес бере отырып, жасампаздық пен жаңашылдық құндылықтарына тәрбиелеу. Кездесу барысында оқушыларға мамандық таңдау туралы арнайы дайындалған бейнеролик көрсетіліп, №250 мектеп-лицей интернатын бітіріп, қазіргі таңда шетелдерде білім алып жүрген түлектер жайлы видеолар көрсетілді. Шетелге туған елін танытып жүрген Ақнұр Серікбай өзінің ойларымен бөлісті.
Сонымен бірге мектеп оқушылары Саламат Қайруллаев, Нұрсұлтан Алпамыс пен Инабат Сәрсенбек домбырамен күміс күйді төгілтсе, Күнайым Айболқызы ән айтып, өнерлерін ортаға салды. Арнайы қатысқан қонақтар өмір жолдары жайлы айтып, мамандық таңдауда кеңес беріп, тәрбиелік мәні бар сұхбат жүргізілді. Интернат оқушылары ойларында жүрген сұрақтарын қойып, пікір алмасып, қонақтардан тұшымды жауап ала алды.
Кездесу соңында №250 мектеп-лицейі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Серғали Бертілеуов жиынды қорытындылап, қонақтарға мерейлі мерекеге орай Алғыс хаттар табыстап, мектеп әкімшілігі тарапынан ризашылығын жеткізді.
Эльмира ҒАЛЫМҚЫЗЫ
04 наурыз 2025 ж. 48 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№17 (10385)

04 наурыз 2025 ж.

№16 (10384)

01 наурыз 2025 ж.

№15 (10383)

25 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 433
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31