» » Саналы ұрпақ – ел болашағы

Саналы ұрпақ – ел болашағы

Біз кімді кімді тәрбиелеудеміз? Келешек елдің тізгінін ұстар кімдер? Осы сауал соңғы уақытта көптің көкейінде жүр. Себепте жоқ емес. Әлеуметтік желілерде әлсін-әлсін бесіктен белі жаңа шыққан жасөспірімдердің тентектік видеолары қаптап кетті. Бірі – өз қатарласына үстемдік жүргізіп жатса, бірі – замандасының «үстінде» атой салуда. Мәселен, кешегі Семейдегі бір топ оқушының өз қатарласын аяусыз соққыға жығуы осыған дәлел. Айдың күннің аманында жасөспірімдердің мұндай жағымсыз іс-әрекетіне ел алаңдаулы. Видеоға қарасаңыз бұл әсіре сілтеу немесе жай тентектік емес, нағыз озбырлық. Қоғамның сауалы осыған қалай бөгет болмақпыз?
Бала тәрбиесі, ұрпақ саулығы мен саламаттығы тек педагоктың мойнына жүктелген міндет емес. Осыған қоғамның кез келген мүшесі жауапты. Қай сала да ұрпақ өмірін баянды етуге атсалысады. Дегенмен, тәрбие саласы көп жағдайда ұстаздарға артылғандай көрінеді бізге.
Жақында осы мәселе төңірегінде «Саналы ұрпақ – ел болашағы» атты аудандық форум өтті. Онда аудан әкімі Жандос Еркінбек, аудан прокуроры Мейрамбек Маханбетжанов, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, аудандағы құқық қорғау саласының басшылары, жергілікті атқамінерлер, ақсақалдар, үкіметтік емес ұйым өкілдері, қоғам белсенділері, аудандағы барша мектептің бас педагоктары, ұстаздар және жастар кент орталығындағы мәдениет үйінде бас қосты.
Форумның ашылуында аудан басшысы сөз сөйлеп, құқықбұзушылықтың алдын алу, халықтың құқықтық сауатын арттыру және құқық қорғау органдары мен қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайту бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде аудандағы қылмыс деңгейінің төмендегенін атап өтті.
– Аудан бойынша соңғы жылдары құқық қорғау органдарымен және қоғаммен бірлесіп жасаған жұмыстардың нәтижесінде құқықбұзушылық сипаттамадағы қылмыстық іс әрекеттер азайып келеді. «Тәрбиелі адам – тағалы атпен тең» деген халқымыздың дана сөзі бар. Тәртіп пен заң үстемдік еткен қоғамда ғана тұрақтылық пен өркендеу болады. Президентіміз де әрбір заңға бағынып, адал еңбек еткен азаматтың құрметке лайық екенін айтқан болатын. Сондықтан жастарымызды саналы ұрпақ ретінде қалыптастыру, олардың бойына отансүйгіштік пен жауапкершілік ұғымдарын сіңіру – біздің басты міндетіміз, – деді аудан әкімі.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында «Әділетті қоғам құру және соның арқасында дамудың сара жолына түскен озық ел болу» деген-ді. Бүгінгі таңда құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік кез келген қоғамның дамуы мен тұрақтылығының негізі. Қылмыспен күресу және қоғамдық тәртіпті сақтау үлкен жауапкершілікті қажет ететін маңызды міндет.
Жиында мұнан соң аудан прокурорының орынбасары Зураб Гичиев құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, құқықтық мәдениетті арттырудың маңыздылығын атап өтті.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков, әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлжауһар Раева сөз алып, өскелең ұрпақтың саналы әрі сапалы білім алуына, елге адал қызмет етуіне ерекше мән беру керектігін айтты.
Форумның арнайы қонағы болған «Қазақстан барысы – 2022» турнирінің жеңімпазы, жерлесіміз Мақсат Исағабылов өз тәжірибесімен бөлісіп, жастарды спортпен шұғылдануға, зиянды әрекеттерден бойын аулақ ұстауға шақырды.
– Қазір жастар арасында құқықбұзушылық көбейгені рас. Оны көзімізбен көріп, құлағымызбен естіп жүрміз. Алайда өскелең ұрпаққа болашақ жастардың қолында деп айтқым келеді. Бір елде тұрып бір-бірімізбен жаға жыртысқанымыз жарамайды. Сондықтан бір үйдің баласындай бірлігіміз мықты болу керек, «қазақ» деген атқа кір келтірмеуіміз қажет. Жастарға зиянды әдеттен аулақ болып, саламатты өмір сүріңіздер дегім келеді, – деді қазақ барысы Мақсат.
Жиын соңында аудан әкімі мен аудан прокуроры құқық бұзушылықтың алдын алу шараларына белсенді атсалысып жүрген азаматтарға алғыс хат табыстап, олардың еңбегін ерекше атап өтті.
Форум жастарға тағылымы мол ой салып, олардың рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға бағытталған маңызды жиын болды.
Ерсін СӘДУҰЛЫ



01 наурыз 2025 ж. 237 1

Robbie от 22 мамыр 2025 21:49
hello!,I love your writing so much! percentage we keep up a correspondence more approximately your post on AOL? I require an expert on this house to unravel my problem. Maybe that's you! Taking a look ahead to see you. casino en ligne Hey there! I know this is somewhat off topic but I was wondering if you knew where I could locate a captcha plugin for my comment form? I'm using the same blog platform as yours and I'm having difficulty finding one? Thanks a lot! casino en ligne Wonderful blog! I found it while browsing on Yahoo News. Do you have any tips on how to get listed in Yahoo News? I've been trying for a while but I never seem to get there! Cheers casino en ligne I visited multiple blogs however the audio quality for audio songs present at this website is in fact superb. casino en ligne I loved as much as you will receive carried out right here. The sketch is tasteful, your authored material stylish. nonetheless, you command get bought an nervousness over that you wish be delivering the following. unwell unquestionably come further formerly again since exactly the same nearly very often inside case you shield this hike. casino en ligne I love what you guys tend to be up too. This sort of clever work and coverage! Keep up the amazing works guys I've added you guys to our blogroll. meilleur casino en ligne What's up i am kavin, its my first time to commenting anywhere, when i read this piece of writing i thought i could also create comment due to this good article. meilleur casino en ligne This paragraph is actually a pleasant one it assists new web viewers, who are wishing for blogging. casino en ligne fiable Does your blog have a contact page? I'm having trouble locating it but, I'd like to shoot you an e-mail. I've got some creative ideas for your blog you might be interested in hearing. Either way, great site and I look forward to seeing it develop over time. casino en ligne France Thanks for sharing your thoughts. I really appreciate your efforts and I will be waiting for your further post thank you once again. casino en ligne

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (10409)

03 маусым 2025 ж.

№40 (10408)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (10407)

27 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 875
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30