» » Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы сайланды

Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы сайланды



Жосалы кенті әкімінің мәжіліс залында Қармақшы аудандық Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамының алғашқы отырысы өтті. Отырысты аудандық Қоғамдық кеңесінің құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының басшысы Гүлжауһар Раева ашып, аудандық мәслихаттың төрағасы Әділ Қошалақовтың өкімімен бекітілген қоғамдық кеңестің жаңа құрамын таныстырды. Жиында кеңес мүшелері арасынан Қоғамдық кеңестің төрағасын сайлау рәсімі жүргізілді. Дауыс беру қорытындысы бойынша аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы болып Әбдірахман Құлдүйсенов сайланды. Мұнан соң аудандық қоғамдық кеңестің төралқа құрамы сайланып, «Қармақшы ауданының қоғамдық кеңесі туралы ережесі»бекітілді.
Сонымен қатар кеңес отырысында салалық комиссияның және қоғамдық кеңес жанынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерімен айналысатын комиссия құрамы бекітілді. Жиында аудандық мәслихаттың төрағасы Ә.Қошалақов кеңестің жұмысына сәттілік тіледі.
Қармақшы аудандық Қоғамдық кеңесінің құрамы
Р/с
Аты-жөні
Атқаратын қызметі

1
Құлдүйсенов Әбдірахман
Қармақшы аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы, зейнеткер
2
Сыдықов Шыңғыс Әбділәмитұлы
Қармақшы аудандық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары
3
Ниматулла Жанар Абайқызы
Қармақшы аудандық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Қармақшы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы
4
Еркебаев Ерлан Мырзабекович
Қармақшы аудандық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Қармақшы аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің жер қатынастары жөніндегі секторының меңгерушісі
5
Жолмаханов Сабытбек Тайжанұлы
Қармақшы аудандық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Қармақшы аудандық ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің алқа мүшесі, зейнеткер
6
Кетебаева Әмина Тақиырқызы
Қармақшы аудандық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Қармақшы аудандық «Жастар Денсаулығы Орталығының» психологы
7
Сержанова Әсемкүл
Қармақшы аудандық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Салтанат – 2» ЖШС басшысы, зейнеткер
8
Жұмабаев Болат Мәлікұлы
Қармақшы аудандық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, зейнеткер
9
Қали Айбол Исламұлы
Қармақшы аудандық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Ораз Мұхаммед» мешітінің имамы
10
Джакешов Абай Байдуллаевич
Қармақшы аудандық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Байқоңыр қалалық отбасын қолдау орталығының» директоры
11
Есханова Ләззат Серікбайқызы
Қармақшы аудандық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Қармақшы аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы
12
Аблакиев Ерсин Садуович
Қармақшы аудандық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, аудандық «Қармақшы таңы» газетінің бас редакторының орынбасары
13
Ахметов Данияр Ертайұлы
Қармақшы аудандық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «AMANAT» партиясы Қармақшы аудандық филиалының консультанты
Аудандық қоғамдық кеңес
26 ақпан 2025 ж. 123 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№15 (10383)

25 ақпан 2025 ж.

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 416
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728