» » ТҮЙІТКІЛДЕР ТҮЙІНІ ТАРҚАДЫ

ТҮЙІТКІЛДЕР ТҮЙІНІ ТАРҚАДЫ

Аудан әкімі Жандос Еркінбек Жосалы кентіндегі бірқатар маңызды нысанды аралап, олардың қазіргі жағдайымен танысты.
Алдымен аудан басшысы «ОДСП» Арал өндірістік бөлімшесінде болып, мекеменің қызметі мен жұмыс барысын бақылады. Су ресурстарын тиімді пайдалану және сумен жабдықтау жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету – аса маңызды мәселе. Осы орайда, аудан әкімі бөлімшенің жұмысына назар аударып, өндірістік процестерді жетілдіру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ бөлімшеге қарасты No4-А насос стансасының қызметімен танысып, нысанның техникалық жай-күйін қарап шықты.
Мұнан соң орталық стадионның жағдайын көріп, оның инфрақұрылымын жақсарту, тұрғындардың спортпен шұғылдануына қолайлы жағдай жасау мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, бос тұрған аудандық тарихи-өлкетану мұражайының ғимаратына барып, оның қазіргі жай-күйін көріп шықты. Ғимаратты тиімді пайдалану мәселесін сала ма- мандарымен жан-жақты талқылады.
Сондай-ақ аудан әкімі «Қармақшы Сушар» өндірістік учаскесінің жұмысымен де танысып, мекеме жұмысының тиімділігін арттыру, сумен қамту жүйесін жетілдіру қажеттігін айтып, сала мамандарына нақты міндеттер жүктеді.
Кентті аралау барысында аудан әкімі аталған нысандардың бірқатар бағыттары бойынша жұмыстарды күшейту жөнінде тиісті тапсырмалар берді.
23 ақпан 2025 ж. 317 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (10474)

24 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 348
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 209

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728