» » Жосалы кентіндегі мектептерге мониторинг жұмыстарын жүргізу жалғасуда

Жосалы кентіндегі мектептерге мониторинг жұмыстарын жүргізу жалғасуда

«AMANAT» партиясы Қармақшы аудандық филиалының төрағасы Ә.Қошалақов, аудандық мәслихат депутаттары және білім саласына жауапты мекемелер басшыларымен Жосалы кентіндегі №26 орта мектебі мен №250 мектеп-лицейінде болып, асхана жұмысына және балалардың тамақтануының дұрыс ұйымдастырылуына, мектептің спортзалы, балалардың жалпы жағдайына бақылау жүргізген болатын. Аталған жұмыстар кент орталығындағы №121, №30, №105, №183, №27 орта мектептерінде жалғасын тапты.
Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мониторинг барысында аудандық білім беру бөлімінің басшысына және мектеп директорларына асхананың санитарлық-техникалық жағдайын, тазалығын және оқушыларға берілетін ыстық тамақтың сапасын, ас мәзірінде көрсетілген өлшемге сай болуын, келіп түскен өнімдердің жарамдылық мерзімін қатаң бақылауға алу тапсырылды.
Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында келеңсіз мәселелерді болдырмау мақсатында әрбір оқушының сапалы білім мен рухани тәрбие алуы жолындағы мекемедегі жауапты қызметкерлердің жауапкершілігі түсіндірілді. Бұл жұмыстар үнемі бақылауда болады.

21 ақпан 2025 ж. 260 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 114
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 701

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031