» » Еурохаттама рәсімі – жеңілдетілген тәртіп

Еурохаттама рәсімі – жеңілдетілген тәртіп

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда болмашы жол-көлік өқиғалары кезінде жүргізушілер сақтандыру жағдайын полицияны шақырусыз және сот қаулысынсыз оңайлатылған тәртіппен рәсімдейді.
Еурохаттама – бұл жол полициясы кызметкерлерін тартпай, сақтандыру төлемдерін қашықтан және жедел алуға мүмкіндік беретін міндетті автосақтандыру бойынша сақтандыру төлемін алудың оңайлатылған тәртібі.
Еурохаттаманы барлық жағдайларда рәсімдеуге болмайды, себебі оны рәсімдеуге болатын белгілі бір ерекшеліктері бар. Сонымен Еурохаттаманы егер ЖКО-да:
1) тек екі көлік құралы (кінәлі тарап пен жәбірленуші);
2) ЖКО қатысушыларының қолданыстағы сақтандыруы: көлік құралдары иелерінің азаматтық құқықтық жауапкершілігінің міндетті сақтандыруы;
3) ЖКО нәтижесінде зиян тек ЖКО қатысушыларының көлік құралдарына келтірілген (өмір мен денсаулығына зиян келтірілген жәбірленушілер болмаса, үшінші тұлғалардың мүлкі зардап шекпесе);
4) ЖКО қатысушыларында кімнің кінәлі тарап, кімнің жәбірленуші тарап екендігі туралы келіспеушіліктер болмаса;
5) Заладың шекті сомасы 100 айлық есепті көрсеткішке (АЕК) дейін болса рәсімдеуге болады.
Егер ЖКО мен қатысушылар жоғарыда аталған талаптарға сәйкес келсе, Еурохаттаманы рәсімдеуге болады.
Еурохаттаманы рәсімдеу кезінде ЖКО қатысушыларының мобильді нөмірлері EGOV.kz және EGOV mobail  порталы арқылы мобильді азаматтар жүйесінде тіркелгеніне көз жеткізу қажет.
ЖКО-ның екі қатысушысы да «Еурохаттам» қосымшасын AppStore немесе Google Play –ден жүктеп, қосымшада тіркелулері қажет.
Әрі қарай жеке деректерді мұқият толтырып, аккаунтқа құпия сөз, қосымшаға кіру кодын ойлап табу қажет. 1414 нөмірі бойынша смс арқылы жеке деректерді жинауға және пысықтауға келісімді растау керек.
ЖКО рәсімдеу үшін өтінімдер тарихында жаңа өтініш беріп, геолокацияны қолжетімді ету қажет. Өтінішті бірінші болып апатқа кінәлі адам толтырады. Ол өз деректемелеріне енгізеді. Еурохаттаманың барлық талаптарына сәйкес келетінін растау қажет (жоғарыда көрсетілген бес талап).
ЖКО–ның күнін, уақытын, орнын көрсету. Кінәлі жүргізушінің мәліметтерін енгізу. Содан кейін сауалнаманы жәбірленуші толтырады.
Әрі  қарай көлік құралының мәліметтері қосылады, оған автокөлік жүрісі, vin  код және т.б. жатады. Сондай-ақ ЖКО орын алған көшенің және көлік құралының 4 жағынан жалпы фотосуреттерін түсіру қажет, мемлекеттік тіркеу нөмірі міндетті түрде көрінуі тиіс.
Көлік құралының типін көрсетіп, зақымдалған орнын белгілеу қажет.
Көлік құралының мәліметтерін толтыру қажет, өз құжаттарыңызды (жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, көлікке техпаспорт) суретке түсіріп, деректерді тексеріп, растау батырмасын басу қажет. Өз фотоңызды жасаңыз. Бет сопақшаға сәйкес келетініне көз жеткізу қажет.
Көлік оқиғасына қатысушылар сақтандырушының декларацияны қабылдағаны туралы мәліметтер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан хабарлама алғанға  дейін көлік оқиғасы болған жерден кетпеуге тиіс. Әрі қарай жәбірленуші сақтандыру жағдайын тіркеу  туралы SMS  хабарлама алуы керек. Егер SMS келіп түссе, бұл сақтандыру ұйымының өтемақы туралы өтінішті қабылдағанннан білдіреді. Әрі қарай, сіз декларацияны жүктеп салуыңыз керек. Осыдан кейін ғана көлік иелері жол апаты болған жерден кете алады.
«Еурохаттама» қосымшасы бойынша сұрақтар туындаған жағдайда+7 (727) 339 31 88 нөмірі бойынша колл-орталыққа хабарласу қажет
А.Мырзағұлова,
Қармақшы аудандық соты әкімшісінің
бас маманы 
20 ақпан 2025 ж. 111 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 401
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728