» » Сақтандыру оқиғаларын реттеудің жеңілдетілген тәртібі бойынша жадынама – Еурохаттама

Сақтандыру оқиғаларын реттеудің жеңілдетілген тәртібі бойынша жадынама – Еурохаттама



2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мардымсыз жол-көлік оқиғалары (ЖКО) болған жағдайда, азаматтар полицияны шақырмай және соттың шешімінсіз жеңілдетілген тәртіппен сақтандыру оқиғасын ресімдей алады.
  • Еурохаттама, егер:
  • ЖКО-ға екі көлік құралы ғана қатысса;
  • ЖКО-ға қатысушыларда қолданыстағы көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру болса;
  • ЖКО нәтижесінде ЖКО қатысушылардың көлік құралдарына ғана шығын келтірілсе(өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген зардап шегушілер болмаса, үшінші тұлғалардың мүлкі бүлінбесе);
  • ЖКО-ға қатысушыларда бір тараптың кінәлі, екіншісінің зардап шегуші болуына қатысты келіспеушілік болмаса;
  • келтірілген шығынның шекті сомасы 100 АЕК-ке дейін – 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 369 мың теңге болса, қолданылады.
ЖКО-ны «Еурохаттама» мобильдік қосымшасы арқылы ресімдеуге болады, https://apps.apple.com/kz/app/europrotocol-app/id6470774500
https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.ipgf.europrotocol.androidмекенжайлары бойынша AppStoreжәнеGoogle Playжүктеуге болады
Маңызды:
  • ЖКО-ға қатысушылардың мобильдік нөмірлері Азаматтардың мобильдік базасында тіркелген болуы тиіс.
  • ЖКО-ға екі қатысушы да «Еурохаттама» қосымшасын жүктеуі және ЖКО бойынша мәліметтерді толтыруы қажет.
  • «Еурохаттама» қосымшасы бойынша сұрақтар туындаған жағдайда+7 (727) 339 31 88 нөмірі бойынша колл-орталыққахабарласу қажет
  • Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі
25 қараша 2024 ж. 227 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

№63 (10431)

23 тамыз 2025 ж.

№62 (10430)

19 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 276
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Жосалы жаңару жолында
26 тамыз 2025 ж. 689

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031