Еурохаттаманың артықшылығы неде?
Бұл үшін мемлекет «Еурохатам» мобильді қосымшасын әзірледі. Қосымшаның көмегімен жүргізушіліер өздері жол-көлік оқиғасые тіркеп, сақтандыру компанияларына материалдық залалды өтеуіне өтінім береді. Еурохаттама арқылы жол – көлік оқиғаларын рәсімдеу үшін міндетті үш шарт бар.
Біріншіден көлік оқиғасына екі көлік құралы ғана қатысқан кезде. Екіншіден, жүргізушілердің қолданыстағы сақтандыруы болса және кім кінәлі, ал кім зардап шегуші екенінде келіспеушілік болмаса. Үшіншіден, апатта денсаулығына залал келтірілмесе, ал көлікке келтірілген залал сомасы 100 АЕК аспаса".
Сондай-ақ екі жүргізуішінің ұялы телефоны еговқа тіркелу қажет.
Осындай тәртіпте жол-көлік оқиғасын рәсімдеу үшін мобильді телефонға «Еурохаттам» қосымшасын қосып алып тіркелу рәсімін жүргізу және оқиға материалдарының фото және бейнесін салу керек. Фото-бейне сурет сапалы болған жағдайда сақтандырушылар да автокөліктің соқтығысу фактісі мен келтірілген залалдың мөлшері мен келтірілген залалдың мөлшері туралы қосымша мәлімет талапп етпейді. Фото суретті сәтті жүктеп, декларацияны толтырғаннан кейін бұл құжаттар сақтандыру компаниясына жіберіледі. Зардап шеккендерге сақтандыру жағдайын тіркеу туралы SMS-хабарлама келуі тиіс. SMS хабарламаның түсуі, сақтандыру ұйымының өтемақы алуға өтінішті қабылдағанын білдіреді. Осыдан кейін ғана автокөлік иелері апат орнынан кете алады. Қосымшаны тиімді пайдалану мақсатында жүргізушілер жақын жердегі полиция нарядына жүгіне алады. Олар хаттаманы рәсімдеуге көмектеседі.
Еурохаттаманың артықшылығы неде?
1. Азаматтарға ұсақ жол-көлік оқиғасын рәсімдеу үшін полицияны күту қажеттілігі болмайды және жолдағы кептеліске жол берілмейді.
2. Мұндай рәсімдеу кезінде жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.
3. Әкімшілік және сот рәсімі болмағандықтан, сақтандыру төлеміні мерзімі қысқарады. Егер бұрын бұған 30 күннен 90 күнге дейін уақыт кетсе, қазір хаттама тіркеу сәтінен бастап төлемді алуға 5 күн жеткілікті.
Маңызды:
- ЖКО-ға қатысушылардың мобильдік нөмірлері Азаматтардың мобильдік базасында тіркелген болуы тиіс.
- ЖКО-ға екі қатысушы да «Еурохаттама» қосымшасын жүктеуі және ЖКО бойынша мәліметтерді толтыруы қажет.
- «Еурохаттама» қосымшасы бойынша сұрақтар туындаған жағдайда+7 (727) 339 31 88 нөмірі бойынша колл-орталыққа хабарласу қажет.
- Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі