Енді жол апаты болған жерге полиция шақырудың қажеті жоқ
Енді апат орнына полиция шақырудың қажеті жоқ. «Еурохаттам» жобасы аясында көлік иелері ұсақ жол апаты болған жерде полицейдің қатысуынсыз-ақ, өзара келісім, онлайн хаттама түзе алады.
"Еурохаттама арқылы жол-көлік оқиғаларын рәсімдеу үшін міндетті үш шарт бар. Біріншіден, көлік оқиғасына екі көлік құралы ғана қатысқан кезде. Екіншіден, жүргізушілердің қолданыстағы сақтандыруы болса және кім кінәлі, ал кім зардап шегуші екенінде келіспеушілік болмаса. Үшіншіден, апатта денсаулығына залал келтірілмесе, ал көлікке келтірілген залал сомасы 100 АЕК аспаса".
Жалпы жол апатын рәсімдеу үшін бар болғаны "Еурохаттама" мобильді қосымшасында тіркеліп, апат орнынан фото және видео түсірсе жеткілікті. Ал қандай да бір сұрақ туындай қалса, жүргізушілер жақын жердегі полиция бөліміне жүгіне алады. Жаңа жылда іске қосылған жобаның біршама артықшылығы бар. Мәселен, ертеректе бұл процесс 90 күнге дейін созылса, ендігіде тіркеу сәтінен бастап төлемді алуға дейін тек бес күн уақыт керек. Бұл көлік иелерінің айтарлықтай уақытын үнемдейді. Оған қоса жолдағы кептеліс те едәуір төмендейді. Сондай-ақ жеңілдетілген тәртіппен тіркелген жол апаты кезінде жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Яғни ешқандай айыппұл арқаламайды.
ЖКО-ны «Еурохаттама» мобильдік қосымшасы арқылы ресімдеуге болады, https://apps.apple.com/kz/app/europrotocol-app/id6470774500
https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.ipgf.europrotocol.androidмекенжайлары бойынша AppStoreжәнеGoogle Play жүктеуге болады
Маңызды:

- ЖКО-ға қатысушылардың мобильдік нөмірлері Азаматтардың мобильдік базасында тіркелген болуы тиіс.
- ЖКО-ға екі қатысушы да «Еурохаттама» қосымшасын жүктеуі және ЖКО бойынша мәліметтерді толтыруы қажет.
- «Еурохаттама» қосымшасы бойынша сұрақтар туындаған жағдайда+7 (727) 339 31 88 нөмірі бойынша колл-орталыққахабарласу қажет
А.Сапарова
Қармақшы аудандық соты әкімшісінің жетекші маманы