» » ОТТЫ ЖЫЛДАР – ӨМІРДІҢ ҚАСІРЕТТІ САБАҒЫ

ОТТЫ ЖЫЛДАР – ӨМІРДІҢ ҚАСІРЕТТІ САБАҒЫ

Кеңес дәуірі саясатының салдарынан тарих бетінде қанды із қалдырған Ауған соғысының аяқталғанына биыл 36 жыл. «Интернационалдық борышын өтеу керек» деген ұранмен енді ғана 18-ге толған бозбалалар ауған жерінің топырағын басып, қанды қырғынның ортасынан бір-ақ шыққан еді.
Мәліметтерге сүйенсек, 1979-1989 жылдардағы кеңестік алып империяның ең соңғы соғысына 22 мың адам қатысқан. Отан алдындағы азаматтық борышты абыройлы орындасам деген отансүйгіштік қасиет бойына дарыған біздің ауданымыздың 87 жастың маңдайына міндетті ауған жерінде өтеу жазылыпты. Олардың үшеуі майдан даласында қаза тапты.
Ел тарихындағы айтулы қасірет әкелген Ауғанстандағы әділетсіз соғыс сан мыңдаған азаматтарымыздың жас өмірін қыршыннан қиды. Қармақшы ауданында 80-ге жуық жерлесіміз қанды майдан жүріп жатқан Ауған жерінде болып интернационалист жауынгер ретінде соғысқа қатысқан еді. Қазіргі таңда олардың 42-сі әр түрлі қызметтерде еңбек етуде. Осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміздің ерлігі өшпес өнеге.
Әр жылдың 15 ақпан күні – Ауған соғысына қатысқандарды еске алу күні болып есептеледі. «Таулар алыстаған сайын, биіктей түседі» дегендей, қанша уақыт өтсе де бұл күн маңызын жоғалтқан жоқ. Осы орайда Ш.Уәлиханов атындағы No26 орта мектепте «Ардагерлер – асыл ерлер» тақырыбында Ауған соғысы ардагерлері мен «Бастау» мектеп парламенті мүшелерінің қатысуымен сыр-сұхбатқа толы кездесу кеші өткізілді.
Мағыналы кешке өмірінің өлшеулі бір бөлігін, жалындаған жастық шағының жартысын оқ пен от арасында өткізіп, аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан интернационалист-жауынгерлер, атап айтқанда Асқар Ерманов, Әскербек Ысқақов, Бақытбек Игісінов, Әбутәліп Жалмағамбетов қонақ болды. Сонымен қатар жиында аудандық қорғаныс істер бөлімінің әскерге шақыру және әскерден тыс жұмыс тобының бастығы, лейтенант Нұрперзент Елмағамбетов, аудандық білім бөлімінің әдіскері Ақтолқын Тоқшылықовалар аға буынның ерлігін ұрпаққа үлгі етті.
Ауған соғысының тарихын таныту арқылы Ауған жеріндегі кеңес жауынгерлерінің өлшеусіз ерлігін, батырлығын, жас ұрпаққа үлгі етуді көздеген кеш шымылдығы мәнді бейнероликпен түріліп, соғыс құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.
Сол зұлматты сұрапыл жылдарды бастан кешірген ардагерлермен сүбелі сұхбат құрған оқушылар түрлі бағыттағы сұрақ қойып, тұшымды жауап алды. Кеудесін оққа тосып, жанқиярлық ерлік көрсетіп, азаматтық парызын өтеп қайтқан жауынгерлердің алды бүгінде зейнет жасына келді. Олардың тілегі біреу: «Жер бетінде соғыс болмасын. Жаңа буын соғыстың қасіретін көрмей, әлемде тек бейбітшілік болып, алаңсыз ғұмыр кешіп, ұрпақ өсіріп, тәуелсіз еліміздің жарқын болашағын көру».
Қандай соғыс болса да оның қасіреті ешуақытта ұмытылмайды. Сол қатерлі сəтте борышын мінсіз атқарған кешегі жауынгер, бүгінгі ардагерлер соғыс зардабын жүректен өткізіп, көзбен көрді. Сыннан сүрінбей өткен қайсар жауынгерлердің ерлігін үлгі ету, құрмет-қошемет көрсету, Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым ету, ерліктерін дәріптеу – баршамызға ортақ міндет.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
15 ақпан 2025 ж. 243 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

№11 (10379)

11 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 399
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728