» » ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ

ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ

Ауданда үлкенді-кішілі тамақтану орындары мен дәмханалар көптеп кездеседі. Олардың жылыту жүйелері мен тамақ пісіру пештерінің қауіпсіз пайдаланылуына ешқандай мемлекеттік орган бақылау жүргізбейді.
«Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексерулерді, азаматтық қорғаныс саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы №758 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы №31 бірлескен бұйрығына сәйкес тек құрылыстың жалпы ауданы 1 000 шаршы метр және одан жоғары қоғамдық тамақтану ұйымдарының объектілеріне өрт қауіпсіздігі саласындағы профилактикалық бақылау жұмыстары жүргізіледі. Құрылыстың жалпы ауданы 1000 шаршы метрге жетпейтін шағын дәмханалар мен тамақтану орындары өрт қауіпсіздігі саласы бойынша мүлдем тексерілмейді. Ал өрт қауіпсіздігі талаптарына салғырттық таныту тұрғындардың өмірі мен денсаулығына үлкен зиян алып келуі әбден мүмкін.
Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының ақпаратына сәйкес бүгінгі күні аудан аумағында 29 қоғамдық тамақтану орындары жұмыс істейді. Осыған байланысты аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қоғамдық тамақтану орындарында жүйелі түрде профилактикалық іс-шара ұйымдастыруда. Іс-шара барысында мүмкіндігінше тізімге сәйкес барлық тамақтану орындарынын, үлкендікішілі асханаларды аралау, субъекті өкілдеріне өрт қауіпсіздігі мәселесі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі
10 ақпан 2025 ж. 288 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 416
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 218

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930