» » ТҮЛЕКТЕРМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

ТҮЛЕКТЕРМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

Мамандық таңдау – адам өміріндегі ең маңызды қадамның бірі. Адам өз бойындағы қабілеті мен икемділігіне, бір сөзбен айтқанда шама-шарқына қарай өзіне және қоғамға қызмет ету дегенмен бірдей. Сондықтан адам баласы өмірде мамандық таңдауда өз өміріне балта шаппастай етіп үлкен жауапкершілік арқалай отырып асқан ыждаһаттылықпен таңдау жасауы тиіс. Себебі адам тағдырының бір бөлігі өзі таңдаған мамандығымен ұштасып жатады.
Осы орайда No106 орта мектепте 8-11 сынып оқушыларының қатысуымен еліміздегі жоғары арнаулы әскери білім беретін оқу орнына түскен мектеп түлегі Бақберген Шайхы мен Мұхтар Ұзақбаевпен кездесу өтті. Кездесуді алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі Жалғасбек Ахметов ұйымдастырды. Бұл жиынның діттегені – жасөспірімдердің патриоттық сезімін дамыту, әскери оқуға түсу жайлы ақпарат беру.
Кездесуге Петропавл қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан әскери академиясының курсанттары Бақберген мен Мұхтар өздері білім алып жатқан әскери оқу орнының тыныс-тіршілігімен таныстырып, курсанттарға қатысты ережелер мен қойылатын талаптар туралы айтып берді. Одан бөлек, әскери оқу орнына қабылдау қағидалары мен қажетті құжаттар тізбесімен таныстырды. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Рита ӘБДІХАЛЫҚОВА,
мектеп кітапханашысы
08 ақпан 2025 ж. 395 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 628
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 400

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031