» » КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ

КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ


Мамандық таңдау - маңызды қадам. Адам өміріндегі ең батыл шешімдердің бірі - болашақта қай салада еңбек жолын қалыптастырып, кім болып жұмыс жасайтындығын таңдау. Осы ретте еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие маман болып қалыптасу үшін ең алдымен дұрыс мамандық таңдау, екіншіден сол мамандықты оқытатын оқу ордасын таңдауда қателеспеу.
Осы бағытта 2024-2025 оқу жылының Қаңтар айында Қармақшы аудандық білім бөлімінің "О.Шораяқұлы атындағы №30 мектеп" базасында 9-сынып бітірушілерімен кездесу болып өтті. Аталмыш мектеп әкімшілігімен, мектеп директорының кәсіби бағдар жөніндегі орынбасары Серік Қазиханұлымен бірлесіп бірнеше жылдан бері үздіксіз әріптестік байланыста нәтижелі жұмыстар атқарып келеміз. Алдымен мектеп директоры Дүйсенбаев Бауыржан Назарұлы колледж инженер-педагогтарын қабылдап, оқушылар контигентімен таныстырды. Содан соң мектептің акт залында оқушылармен кездесу өтіп, Қармақшы аграрлы-техникалық колледжі директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары А.Дүкенбайұлы, арнаулы пән оқытушысы Н.Ілиясбек, Өндірістік оқыту шебері Л.Калымбетова талапкерлерге колледждің тарихы, материалдық-техникалық базасы, оқу мамандықтары мен жабдықталуы жөнінде кеңінен ақпарат берді. Шара соңында оқушылардың сұрақтары мен ұсыныстары бойынша пікір алмасуға ұласты.
Кәсіби бағдар беру жұмыстары талапкерлер үшін маңызды мәліметтерге, пайдалы кеңестерге толы үлкен ақпараттық қолдау, сүйемелдеу. Осы ретте Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің кәсіби бағдар беру орталығы үздіксіз жұмыс жасай береді.
Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің кәсіби бағдар беру орталығы.

31 қаңтар 2025 ж. 71 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

№6 (10374)

24 қаңтар 2025 ж.

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 347
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031