» » ТАЗАЛЫҚҚА ТАСТАЙ ТАЛАП ҚАЖЕТ

ТАЗАЛЫҚҚА ТАСТАЙ ТАЛАП ҚАЖЕТ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде тазалық пен экология мәселелеріне ерекше назар аударылуда. Осы бағытта маңызды шаралар қабылданып, қоршаған ортаны қорғауға арналған бағдарламалар жүзеге асырылып келеді.
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын жүзеге асыру және IT-экспортты дамыту мәселелері қаралды. Мәжіліске селекторлық байланыс арқылы аудан әкімі Жандос Еркінбек қатысты.
Мәжіліс қорытындысы бойынша аудан басшысының төрағалығымен арнайы жиналыс өткізіліп, кент және ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктелді. Аудан деңгейінде тазалықты қамтамасыз ету және тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттілігі баса айтылды.
Жосалы кентінде тазалық пен тәртіпті сақтау мақсатында биыл 72 бейнебақылау камерасы орнатылғанын айта кету керек. Бұл бақылау камералары заң бұзушылықтарды анықтауға, сондай-ақ тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға ықпал етуде. Дей тұра кейбір тұрғындар тарапынан тазалық ережелері сақталмай, рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс тастау және төрт түлік малын қараусыз жіберу сияқты әрекеттер әлі де көптеп кездесуде.
Тазалықты сақтау – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті. Тұрғындар табиғатты қорғауға белсенді қатысып, өз ауласын таза ұстап, заңсыз әрекеттерден аулақ болған жағдайда ауданның экологиялық жағдайы жақсарып, жасыл аймақтар кеңейе түсетіні сөзсіз. Сол себепті тазалыққа бейжай қарамау қажет.
«ҚТ» ақпарат
25 қаңтар 2025 ж. 323 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 416
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 219

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930