» » ТАЗАЛЫҚ ЖӘНЕ КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

ТАЗАЛЫҚ ЖӘНЕ КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде тазалық пен экология мәселелеріне ерекше назар аударылуда. Осы бағытта маңызды шаралар қабылданып, қоршаған ортаны қорғауға арналған бағдарламалар жүзеге асырылуда.

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын жүзеге асыру және IT-экспортты дамыту мәселелері қаралды. Мәжіліске селекторлық байланыс арқылы аудан әкімі Жандос Еркінбек қатысты.

Мәжіліс қорытындысы бойынша аудан басшысының төрағалығымен арнайы жиналыс өткізіліп, кент және ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар берілді. Аудан деңгейінде тазалықты қамтамасыз ету және тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттілігі баса айтылды.

Аудан орталығы Жосалы кентінде тазалық пен тәртіпті сақтау мақсатында заманауи технологиялар енгізілуде. Биылғы жылы 72 бейнебақылау камерасы орнатылды. Бұл камералар заң бұзушылықтарды анықтауға, сондай-ақ тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға ықпал етуде.

Соған қарамастан, түсіндіру жұмыстарына қарамастан, кейбір тұрғындар тарапынан көшелерді ластау, рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс тастау және төрт түлік малын қараусыз жіберу сияқты әрекеттер әлі де кездесуде.

Тазалықты сақтау – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті. Тұрғындар табиғатты қорғауға белсенді қатысып, өз ауласын таза ұстап, заңсыз әрекеттерден аулақ болған жағдайда ауданның экологиялық жағдайы жақсарып, жасыл аймақтар кеңейе түсетіні сөзсіз.

22 қаңтар 2025 ж. 341 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 417
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 220

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930