» » ЖҮРГІЗУШІ, ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫНА САҚ БОЛЫҢЫЗ...

ЖҮРГІЗУШІ, ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫНА САҚ БОЛЫҢЫЗ...

Қазір теледидардан, әлеуметтік желілерден, тіпті танысымыздан күнде еститініміз – жол апаты. Бұл жағдайдың жиілеп кеткені соншалық, адам өлімін жеңіл қабылдайтын болыппыз. Оған себепті «көлікті басқарған жүргізушілер қатты жүреді» дейміз де қоямыз. Жол сақшылары көлік тізгіндегендерді тәртіпке шақырғанымен, нәтиже аз сияқты. Ескертуге құлақ аспағандар есіріп, жолдың қарсы жолағына шығып кетіп, бүтін бір отбасы қаза болған оқиғалар бар.
Аязды қыңыр мінез көрсететін қыс мезгілі де бірде жылы, бірде суытып әбден састырғандай. Оның үстіне жауыны қосылып жүргіншілердің қозғалысына кедергі келтіруде. Еріген қар кешкі аязбен мұз болып қатып, жол-көлік оқиғасын туындатып жатыр. Осыдан кейін 112-ден толассыз келген хабарламаны ескермеген жүргізушілер алыс жолға шығып, жолда жылдамдықты шамадан тыс асырғаннан апатқа ұшырауда.
Қалааралық жолдан бөлек ел ішіндегі көшелер де қолайсыз ауа райынан кейін мұз болып ұстасады. Мұндайда аса сақтық қажет. Көшеде зулаймын деп абайсызда көлігіңізді опат қылуыңыз мүмкін. Қазір көліктердің жылдамдығын шектеу мен оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында барлық жерге бейнебақылау қойылған. Мәселен, кенттің өзінде қоғамдық тәртіпті бақылайтын 77 бейнекамера, 7 жол қозғалысы ережелерін бұзғандарды автоматты түрде анықтайтын стационарлық жылдамдық өлшегіш құрылғы, оған қоса «ЖБО 2,0» бағдарламасы да қамтамасыз етілген. Қазір Жедел басқару орталығында бейнекамералар пилоттық режимде жұмыс істеп тұр. Көлік тізгіндеген болсаңыз жол ережесін сақтауыңыз міндетті. Аталған орталықтың басты мақсаты – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сонымен қатар санитарлық тазалық пен бала қауіпсіздігі де назарда болмақ. Тіпті ішкі істер министрлігі қала сыртындағы күре жолдарды «орташа жылдамдықты» арттырғаны үшін көлік құралдарының жүргізушілерін жауапкершілікке тартуға бейнекамералар арқылы бақылауға қойған.
Жүргізуші, жол ережесін сақтап, жолда байқап жүріңіз! Сіздің ырым қылып таққан тұмар, тәсбихтің пайдасы шамалы. Өзіңіздің өміріңізді ғана емес, көлік ішіндегі адамдардың тағдырына жауапты екеніңізді ұмытпаңыз.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
22 қаңтар 2025 ж. 186 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (10377)

04 ақпан 2025 ж.

№8 (10376)

01 ақпан 2025 ж.

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 360
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728