» » Мас күйінде автокөлік жүргізудің соңы неге апарады

Мас күйінде автокөлік жүргізудің соңы неге апарады

Ішімдік ішіп алып, заң бұзатындарға, оның ішінде көлік айдайтындарға қатаң жаза қарастырылған. Өткен жылы аудан бойынша жол сақшылары мас күйінде көлік жүргізетін жетпіс жеті жүргізушіні ұстады. Ал ұсталмай сытылған, я бармақ басты көз қыстымен құтылып кеткен адам қаншама. Сол қу араққа тойып алып,  көлік айдаған жүргізушілердің кінәсінен қаншама адамның денсаулығына зақым келіп, қаншама техника ойран болды.
Маскүйінде көлік құралдарын басқару әлі де өзекті болып отыр. Жүргізушілер  алкогольдік масаю жағдайында  көлікті тізгіндеудің өз өміріне ғана емес, айналасына да қатер төндіретінін түсінбей келеді.
Жауапсыз жүргізушілердің кесірінен жол апаты жиілеп, одан зардап шегушілер саны артқандықтан, көлік руліне мас күйінде отырғандарға берілетін жаза қатаңтатылған болатын. Жүргізушінің әрекетінде қылмыстық іс-әрекет болмаса, 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, 15 тәулікке әкімшілік қамақ белгіленеді. Ал осы құқық бұзушылық жаза мерзімі аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде қайта жасалса, кінәлі адам бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Сонымен қатар қатеден сабақ алмаған жүргізуші өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырылады.
Жол қозғалушылардың барлық қатысушыларын көлік жүргізудегі маскүнемдікке қарсы күреске қосылуға, бейжай қалмауға және осы фактілер бойынша құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырамыз.  Есіңізде болсын, қырағылық адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Өйткені сіздің балаларыңыз, туыстарыңыз, достарыңыз және жақын адамдарыңыз мас жүргізуші кесірінен зардап шегуі мүмкін. Мас жүргізушілерді дер кезінде ұстап, қауіптің алдын алған жөн.
Алкогольді ішімдік – адам өміріне, қоғамға зиян. Біреулер деалу үшін ішетін болса керек. Егер кейін оның зардабын тартып, денсаулығыңа зиян болса, ондай демалыстың керегі не? Ең бастысы, айналаңа қауіп төндіріп, біреудің өміріне, денсаулығына зияның тиер болса, ең ауыры сол емеспе? Сондықтан әрбір азамат тәртіпті қатаң сақтағаны жөн.
А.Мырзағұлова,
Қармақшы аудандық сот әкімшісінің
бас маманы 
11 наурыз 2024 ж. 216 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 285

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 380

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930