» » Мас жүргізушілер 15 тәулікке қамалып, 8 жылға куәлігінен айырылды

Мас жүргізушілер 15 тәулікке қамалып, 8 жылға куәлігінен айырылды

Мас күйінде рульге отырған қостанайлықтар бірнеше жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды, деп хабарлайды   ҚазАқпарат облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қостанайлық полиция қызметкерлері «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында бір күн ішінде автокөлікті мас күйінде жүргізген үш жүргізушіні ұстады.
«Қостанай қаласының Алтынсарин көшесінде 34 жастағы ер адамның басқаруындағы «Nissan Teana» автокөлігі тоқтатылды. Жүргізушіден алкогольдің иісі сезілді. Медициналық куәландыру алкогольден масаң болудың жеңіл дәрежесін көрсетті. Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік соты жүргізушіні 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырды. Сондай-ақ 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды», - деді полицияның баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.
Бұған қоса, екі көлік жүргізушісі алкоголь өніміне тексеруден өтуден бас тартқан.
Сот жүргізушілерді 8 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру туралы шешім қабылдады және олар 15 тәулікке қамауға алынды.


15 қаңтар 2020 ж. 778 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 772
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 132

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 489

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930