» » Мас жүргізушімен күрес ортақ

Мас жүргізушімен күрес ортақ

qarmaqshy-tany.kz Маскүйінде көлік құралдарын басқару әлі де өзекті болып отыр. Жүргізушілер  алкогольдік масаю жағдайында  көлікті тізгіндеудің өз өміріне ғана емес, айналасына да қатер төндіретінін түсінбей келеді.
Жауапсыз жүргізушілердің кесірінен жол апаты жиілеп, одан зардап шегушілер саны артқандықтан, көлік руліне мас күйінде отырғандарға берілетін жаза қатаңтатылған болатын. Жүргізушінің әрекетінде қылмыстық іс-әрекет болмаса, 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, 15 тәулікке әкімшілік қамақ белгіленеді. Ал осы құқық бұзушылық жаза мерзімі аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде қайта жасалса, кінәлі адам бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Сонымен қатар қатеден сабақ алмаған жүргізуші өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырылады.
Жол қозғалушылардың барлық қатысушыларын көлік жүргізудегі маскүнемдікке қарсы күреске қосылуға, бейжай қалмауға және осы фактілер бойынша құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырамыз.  Есіңізде болсын, қырағылық адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Өйткені сіздің балаларыңыз, туыстарыңыз, достарыңыз және жақын адамдарыңыз мас жүргізуші кесірінен зардап шегуі мүмкін. Мас жүргізушілерді дер кезінде ұстап, қауіптің алдын алған жөн.
А.Жақыпбек,
Қармақшы аудандық сот әкімшісінің жетекші маманы 
18 қазан 2023 ж. 350 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 348
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 124

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930