Ұлттық рух тілде жатыр
Мемлекеттік тіл ұлттық сананың кілті. Тілді сөйлеу арқылы санамыздың бір түкпірінде жатқан өткен тарихқа деген қөзқарасымызды түзейміз, келешекке деген сеніміміз ұлғаяды.
Елімізде егемендік алып, ана тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болғалы бері, тілді қолдану өрісі де кеңейеді. Мемлекеттік тіл мемлекеттік маңызды мәселе болғандықтан, тіл білу халықты, оның тарихын, тұрмысы мен әдеп-ғұрпын және салт дәстүрлерін терең тануға жол ашатыны бәрімізге мәлім.
Ата бабамыздан қалған талай жылдық тарихы бар ана тілді қайта жаңарту, оның қолдану аясын кеңейту, қасиетті тілімізді отбасы-ошақ қасынан төрге шығару біздің алдымызд тұрған үлкен міндет деп білемін.
Мемлекеттік тіл сол елдің халқын біріктіретін, ортақ істерге жұмылдыратын, елге деген перзенттік ықыласты қалыптастыратын бірден – бір құрал. Сондықтан әлемдегі барлық өркениетті елдердегідей мемлекеттік басқару жүйесінде қызмет істейтіндердің бәрі бұл тілді білуге міндетті.
Мемлекеттік тіл тәуелсіз елдің басты белгілерінің бірі болғандықтан, ол өз тұғырына толық қондайынша осы бағыттағы жұмыстар тоқтамайды. Қаншы тілді меңгерсең де артықшылық етпейді, дегенмен, өзің өсіп-өніп отырған мемлекеттің тілін біліп, оны құрметтеу әрбір адамның мәдениетін тілін біліп, оны құрметтеу әрбір адамның мәдениетін көрсетеді. Жа сұрпақ бойында елге, жерге, тілге, т.б мәдениет қалыптастырудың қайнар көзі ол – отбасы. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, әрбір ата-ана отбасында қазақша сөйлесе, оны көрген бала да қазақ тілін тез меңгереді.
Әрбір мемлекеттік мекемелер талап арыздаржы және басқа да құжаттарды тек мемлекеттік тілде жолдау жөнінде бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылуда. Сондықтан әрқайсысымыз тілімізге ерекше құрмет көрсетіп, оның дамуына барынша үлес қосып, жұмыла жұмыс жасауымыз қажет.
Қ.Есханов,
Қармақшы аудандық сотының
бас маман – сот отырысының хатшысы