» » Отандық сот – жақсы істің ұйытқысы

Отандық сот – жақсы істің ұйытқысы



Мемлекеттік тіл – мемлекеттің мерейі. Ертеңін ойлаған, болашағына алаңдаған халық өз тілінің өркендеуіне барлық жағдайды жасайды. Мұндай жанашырлық пен құрметті Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдауларынан да байқап жүрміз.
 Президент өзінің алғашқы жолдауында қазақ тілінің мәртебесін өсіру қажеттігін атап өтіп «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ бұндай дәрежеге жету үшін жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек» деген болатын.
Бұл сөздердің астарында терең мағына бар, себебі мемлекеттік тіл ұлттық сананың кілті. Тілді сөйлеу арқылы санамыздың бір түкпірінде жатқан өткен тарихқа деген қөзқарасымызды түзейміз, келешекке деген сеніміміз ұлғаяды. Әлемдік өркениеттер тарихында өзгеше салтанат құрған кешегі көпшілік дәуірінің ендігі кезеңіндегі даму қарқыны да сол байырғы есте сақтаумен тікелей байланысты. Тіл беделін көтеріп, қазақ тілін үйренуге деген қызығушылар санын арттыру үшін әрбір құрылым ғана  емес, әрбір адам еңбектенуі, тіл мәселесіне жанашырлықпен қарауы керек.
Бүгінгі таңда банк өкілдері мен адвокат, заңгерлерге құжаттарды барынша қазақ тілінде рәсімдеудің маңызы, үлгісі, жолдары түсіндіріліп келеді.
Тілге деген құрмет – елге, халыққа деген құрмет. Ел мерейі – тіл мәртебесі. Тілсіз халықтың өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған, әлем мойындаған ел болу үшін тілімізге деген құрмет соғырлым жоғары болу қажет. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» дегендей ана сүтімен дарыған қасиетті де қастерлі тілге құрмет көрсетіп, дақ түсірмеу сізбен-біздің парызымыз
Әрбір адвокат, заңгерлер тергеуші мен прокурор істі өзіне ыңғайлы тілде рәсімдемей, мемлекеттік тілді дамытуға, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге деген қадам осындай қарапайым әрекеттерден басталады.
Е.Мәтжанов
 Қармақшы аудандық соты әкімшісінің басшысы
14 тамыз 2024 ж. 95 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (10339)

17 қыркүйек 2024 ж.

№73 (10338)

14 қыркүйек 2024 ж.

№72 (10337)

10 қыркүйек 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 1 614

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30