» » Тіл- аса қадірлі байлығымыз

Тіл- аса қадірлі байлығымыз

qarmaqshy-tany.kz Мемлекеттік тіл-бүкіл қазақстандықтардың тілі. Сондықтан да «Мемлекеттік тілдің проблемасы-тек қазақ халқының ғана проблемасы» деп қарауға болмайды. Әлемдегі барлық өркениетті елдердегідей мемлекеттік басқару жүйесінде қызмет істейтіндердің бәрі бұл тілді білуге міндетті. Конституциялық талап осы. Оған қоса мәдениеті жоғары адам басқа тілдерді білуге өзі де ұмытылуға тиісті. Басқа шет елдерде халқының тілін білмесең, лауазымды қызметке орналасуды былай қойғанда, тіпті күніңді де көреалмайсың. Республикамызда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту-бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Ал бұл істің шешуі шыдамдылық пен табандылықты талап етеді және тілді үйрету зорлықпен емес, шынайы ынтамен ыңғайланатын шаруа. Қазақ тілін білу- кәсіби талап. Тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаев халықтары ассамблеясының ХII сессиясында сөйлеген сөзінде атап көрсеткен болатын: «Қоғамда біздің тіл саясатымыздың мәнін тереңірек және дәлірек түсіндіру керек. Қазақстандағы жастар мынаны билуі тиіс: мемлекеттік тілді білмейінше, мемлекеттік органдарға, қызмет көрсету саласында, құқық қорғау органдарында немесе сот саласында жұмыс істеуге мүмкін болмайды. Мемлекеттік тілде қойылған сұрақтарға сол тілде жауап беруге тура келеді. Уақыт бар, мүмкіндік бар, мемлекеттің қолдауы бар - өз функцияларыңды қажетті деңгейде жүзеге асыру үшін тілді үйрену керек».
Әрбір қазақстандық мемлекеттік тілді құрметтеуге, оны үйреніп білуге бейім болғаны абзал. Қазақстанда мемлекеттік тілді дамытуға барлық жағдай жасалынған, заңнамалық және құқықтық база, мемлекеттік бағдарламалар, концепциялар, мемлекеттік тілді дамыту бойынша ведомстволық жоспар құрылған. Ал,әрбір мемлекеттік қызметшінің мақсаты тек қана заң нормаларын сақтау, азаматтардың тіл таңдауға деген құқығын бұзбай, оны дұрыс қолдану ғана. Мемлекеттік тілді білмейтін бірде-бір азамат болмау керек. Тілді білу міндет екені «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңында белгіленген.
«Бірлесіп көтерген жүк жеңіл» демекші қазақ тілінің мәртібесін көтеру үшін бәріміз бірігіп үлес қосуымыз керек. Өз тілімізді сүю арқылы өзгелерді мойындата білейк.
«Ана тілін білмейтін адам мәдениетті адам санатына қосылмайды»,-деп М.Әуезов айтқан екен. Тіл-аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз. Оны білмеу-өзімізге сын.
Қармақшы аудандық сотының бас маманы Есханов Қанат
08 желтоқсан 2022 ж. 392 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 289

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 384

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930