» » АКЦИЯ АЯСЫНДА АҚПАРАТ БЕРІЛДІ

АКЦИЯ АЯСЫНДА АҚПАРАТ БЕРІЛДІ

Өрт – тілсіз жау. Адам баласына өз зиянын келтіріп, материалдық шығынмен қоса адам өмірін де қиып жатыр. Сауда базарларында орын алған өрт оқиғалары негізгі өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаудан, сондай-ақ, өрттің алдын алуға қарсы іс-шараларды орындауға немқұрайлы қарауы салдарынан, нысандарды қорғауда өртке қарсы мәселелерді шешуге мән бермеуден, қажетті ұйымдастыру шараларын атқармаудан болып отыр.
Қазіргі уақытта күн көріп нан табудың бір түрі сауда болғандықтан, саудамен айналысатын азаматтар өз орындарында өрт оқиғалары орын алмас үшін қойылған талапты орындауы тиіс. Осы мақсатта аудандық төтенше жағдай бөлімі қызметкерлері «Қауіпсіз сауда» акциясы аясында үнпарақтар таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Олар кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігін қатаң сақтауды тапсырып, өзімен қатар өзге де адамның өмірі үшін жауапты екеніне баса назар аудартты.
– Сауда орындарында электр желілерін шамадан тыс жүктемеу, автоматты өрт дабыл қондырғыларының үнемі дұрыс жұмыс күйінде болуын қадағалау, алғашқы өрт сөндіру құралдарының жарамдылығын тексеру, эвакуациялық шығу жолдарының ашық болуын қадағалау – кәсіпкердің басты міндетіне жатады. Мұндай талаптарды сақтау – сауда орныңызды, өніміңізді, өзіңізді, өзгені тосыннан келетін апаттан сақтаудың төте жолы, – деп төтеншеліктер біршама сауда орындарына ақпар берді.
Бұл оқыс оқиғаның алдын алуға жасалған қауіпсіздіктің қамы. Әрбір тұрғын жауапкершілікпен қараса қайғылы оқи- ғалардың қатары сирейтіні анық.
«ҚТ» ақпарат
19 қаңтар 2025 ж. 304 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (10465)

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 116
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031