» » Ақылды қоянның таңдауын тапқан достары

Ақылды қоянның таңдауын тапқан достары

Бір күні үлкен орманда жануарлар жиналып, ойын ойнауға бел буды. Бірақ олардың арасында алаяқ қасқыр да болды. Ол жануарларға бір түрлі түтінді дәріні көрсетті де:
- Бұл сиқырлы шөп! Мұны тартсаңдар, қиял-ғажайып әлемге барасыңдар! - деп алдады. Түлкі, қасқырдың айтқанына сеніп, шөпті тартты. Бірақ көп ұзамай басы айналып, көзі бұлдырап, не болып жатқанын түсінбей қалды.
Көжек бұл жағдайды көріп, қатты қорықты. Ол орманның ең дана жануары - Ақ аюға барып, кеңес сұрады.
- Ақ аю, неге жануарлар қасқырдың сөзіне сенді? - деп сұрады көжек. Ақ аю ауыр күрсініп:
- Балам, есірткі деген осы. Біреулер оны сиқыр деп ойлайды, бірақ ол тек денсаулықты құртып, өмірді бұзады, - деді.
Көжек қайтадан достарының қасына барды да:
- Қараңдаршы, түлкі мүлде әлсіреп қалды. Сендер де осылай болғыларың келе ме? - деп сұрады.
Сонда жануарлар ойланып, қасқырға сенуді үлкен қателік екенің түсінді. Олар енді тек өз денсаулықтарын күтіп, таза өмір сүретін болды.
Есірткі-қасқырдың алдамшы сөзі сияқты. Оған сенгендер өз денсаулығын да, өмірін де құртады. Ал ақылды жануарлар әрқашан дұрыс таңдау жасайды!
Калмаханова Асима,
Т.Жүргенов атындағы №80 мектеп-гимназиясы
6-сынып оқушысы

16 қаңтар 2025 ж. 249 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№6 (10474)

24 қаңтар 2026 ж.

№5 (10473)

21 қаңтар 2026 ж.

№4 (10472)

17 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 306
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 178

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031