» » Қармақшы ауданы әкімі құрылыс жұмыстарын бақылады

Қармақшы ауданы әкімі құрылыс жұмыстарын бақылады


Аудан әкімі Жандос Еркінбек Жаңажол және ІІІ Интернационал ауылдық округтеріне жұмыс сапарымен барды.

Аудан басшысы аталған елді мекендерде халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету көрсеткішін арттыру мақсатында «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы аясында салынып жатырған жалпы құны 745,6 млн. теңге болатын денешынықтыру кешендерінің құрылыс сапасын қадағалады.

Жауапты сала басшылары мен ауыл әкімдеріне спорт кешендерін қысқа мерзім ішінде халық игілігіне тапсыру жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Бұл жобалардың іске асырылуы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға айтарлықтай үлес қосады.

16 қаңтар 2025 ж. 331 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 804
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 504

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930