Есірткіге жол жоқ!
Ертегі
Есбол бүгін қардан аққала жасауға далаға шықты. Аққаланың қарын домалатып қанша құрағанымен басы бірікпей қойды. Шетте тұрған отырғышқа отырып еді, тілімдей қағазға оранған бірдемені тауып алды. Тездетіп үйге қарай зулап келіп ашып қарады. Қағазды жазып қалып еді кішкентай пакет ішіндегі ақ ұнтақ екен. Кішкентай он жасар Есбол таңданып тұр. Ештеңе айыра алмады. Өз бөлмесіне үстел үстіне қоя салды.
Мектепке баруға жиналды. Жолда шашылып жатқан қағаздар. Елдер таптап өтіп жатыр. Біреуін алып оқып еді. Үлкен әріптермен «Есірткіге жол жоқ!» деп баданадай қылып жазыпты. Бірақ неге екені бүктеулі қағаздағы жазу есінен кетпей қойды, сабақ үстінде томаға тұйық, селқос отырды, сол жазудағы сөздер есіне орала береді. Бала жүрегі кіршіксіз аппақ қардай не нәрсені болса да тез қабылдап алатын. Сол жүректің ішінде балалық таза періште көңіліне ой тастаған «Есірткіге жол жоқ! » деген екі бүктеулі қағаздың сыры.
Түн іші ойлап жатып ұйықтап кетеді. Бір әлемді жаны кезіп жүргендей. Таза аппақ дүние, жап-жасыл бақ, жұпар иісті гүлдер құлпырған айнала ішінде кең сарайға тап болады. Қорқып басып сарайға жақындады, үлкен есік өз-өзінен ашылып ішке енді. Іші толы қымбат жиһазға толы. Есбол үлкен креслоға отырып алды, шалқайып отыр бәкене бойы үстелге әрең жетсе де тап бастықтардай. Шіреніп отыр, шалқақтап. Бір кезде ақ періштедей аппақ қыз сызыла басып сыздана қарап, шай, кофе, махито, сусын айта беріңіз? – деп иіліп тұр. Есбол махито деді. Қыз стаканға құйылған махито әкелді де сізге бір ер адам келіп тұр?
– Кірсін! Келіп тұрған ер адам егде жастағы жігіт. Қолында екі бүктелген ораулы қағаз. Қағазды Есболға ұсынды. Есбол қағазды ашып оқып, таңдана қарады. Жедел көлік шақыр кеттік деді ер адам. Есбол екеуі көлікпен салынып бітпеген құрылыс алаңына тоқтады. Үлкен зәулім үй салынып жатқан. Ішіне екеуі жүгіре басып ентелей кірді. Баспалдақпен жоғары көтеріліп келеді, қарама-қарсы бозбала шықты, түсі ағарған өңі қуарған, жағы солғын жүруге шамасы жоқ, қолын ербеңдетіп бірдемені түсініксіз міңгірлейді. Бозбаланың қол сілтеген бағытына қарай жүрді, бөлме ішіне ентелей басып кірді. Іште сұлап аузынан ақ көбік ағып бір қыз жатыр. Қыздың қасында шашылған ақ ұнтақ пен шприц. Есбол басын сүйеп отырғызбақшы болды, былық-сылық денесін игере алмайды. Егде тартқан кісі ағасы жедел жәрдемге қоңырау шалып жатыр. Гуілдеген гудок, гудок... Қыздың дел-сал халі, жедел жәрдем қызды салып кетті. Жедел жәрдем көлігінің қиқу салған дауысынан Есбол оянып кетті.
Терезе жақтан көліктің жарығы түсіп тұр. Кешегі өзі отырған отырғыштың жан-жағын тіміскілеп полиция жүр. Он жасар баланың есіне күндізгі тауып алған бүктеулі қағаздың ішіндегі кішкентай пакетке салынған ақ ұнтақ түсті. Ұнтақты әкесіне көрсетті. Әкесі басын шайқап қоқысқа тастады. Есбол түсі мен өңі белгісіз дүниенің арасында қалғандай күйді басынан кешірді. Ертегі әлемі болса бір сәрі әкесі мен анасының күбірі мен сыбыры естіліп жатты. Қайтадан бүркеніп жатып қалды, үйдегі мысық мяулап келіп аяқ жағына жантайды. Мысық адам сияқты үн қатты. Есбол сен тауып алған ұнтақ жаман зат. Осы ақ ұнтақтың кесірінен дүние тозып, адам азып барады. Сен әлі жассың, нені білуші едің? Сенің таза пәк пейілің нені ұқсын? Адамдар өзін жоғалтып жатыр, жан-жаққа бір ой салсаң Есбол! Есбол сенің қолыңнан келеді, өмірді өзгерту. Есбол үндемей тыңдап жатыр, кәрі мысық атпал шал сияқты аузы тынбай сөйлеп жатыр. Адамдардың жан дүниесін кір шалған. Бірі арақтан, бірі ақ ұнтақтан азап кешуде... Жануарлардың бойындағы мейірімді адам бойынан іздейтін заман келді. Қарап тұрсаң айнала толған адамдар. Ал, адами қасиетті бағаламай жүргені қаншама? Есбол сен білесің бе? Мысығынан Есбол «Есіртікіге жол жоқ!» деген жазуы бар қағаз жайлы сұрады. Ақ ұнтақ адамның түбіне жетіп тынады. Есбол есейе келе түсінесің. Мен сенің есейген шағыңды білемін. Сен полиция боласың Есбол! Сенің болашақ өмірің адасқандармен күреспен өтеді. Есбол қуанып кетті. Өзі де іштей қалап жүр еді. Осының бәрін қайдан білесің Макс? Дүниені менің көзіммен қарасаң түсінесің. Екі әлем бар: адамгершілік пен қатыгездік деген. Есбол өзі көрген мультфильмдерін есіне түсіріп отыр. Кәрі тарғыл мысық «Макс» ақылшы, дана болып шешіліп сөйлеп отыр. Есбол көрген түсін еске алып, сұрақ қойды.
- Макс сен мені таза пәк жандардың ортасына алып барасың ба? Өзің айтқан адамгершілік әлеміне жол тартсақ қалай? Макс мияулап есінеп алып, сен сол әлемде жүрсің! Есбол мысықтың айтқан ақылын тыңдап жатып ұйықтап кетті...
Асанова Бибайша Абдрахманова,
№273 орта мектебінің 9 «В» сынып оқушысы