» » Көшедегі қызықты жайт

Көшедегі қызықты жайт

Қыс өтіп, көктемгі кез еді. Зырғып жатқан уақыт. Күнделікті қайталана беретін жаттанды әрекеттер. Студенттік шақ. Сабаққа дайындалып, оқу орнына барсың. Көңіл-күй ауыспалы. Сабақ басталды. Мұғалім тапсырма беріп, сабақ соңында не ұққанын барлығынан сұрап шықты. Оқытушы да жылдамдатып сабағын аяқтап, тапсырмаларын берген соң асығыстау шығып кетті. Әдеттегідей бәрі үйіне қайтуда.
Таза ауа жұтып, демалғысы келген Алмагүл жаяу бара жатыр. Жол. Көлік. Жылы ауа-райы. Қаптаған адам. Ғимараттар және табиғат. Үнсіз әуен тыңдап, ойындағы барлық жақсылы-жаманды дүниелерді есінен шығарып тастауға тырысып келеді. Кенет алдынан мектептен шығып келе жатқан, үстінде ақ фартугы бар жас түлек оқушылар кездеспесі бар ма?! Өзінің мектеп қабырғасындағы күндері есіне түсіп, оларға қызыға да қызғана қарап өтіп бара жатты. Біресе адамдарға, біресе жолға қарап келе жатқанында алдында кішкентай екі бейтаныс қызға көзі еріксіз түсіп кетті. Олар да Алмагүлге жалтақ-жалтақ қарайды. «Екі сүйкімді қыз не үшін маған қарады екен» деп ойлағаны сол еді, екі қыздың бірі қолымен бір зат жасырып, оған жұдырығымен жұдырығына соғуын сұрады. Соғып еді алақанынан тәтті кәмпитін шығарып беріп, мөлдіреген көздерімен, тәтті бейнесімен күлімсіреп кете барды. Үсті-үстіне қабаттасқан мәселе, жеке өмір, сабақ қиындығы, басқа да дүниелерді ойлап, уайыммен жүрген оның бар көңіл күйін қас пен көздің арасында қылығымен баурап, тәттісін сыйлаған кішкентай қыздың қылығы бәрін ұмыттырып жіберді. Енді күлмейтіндей бұртиған еріні, қар жауғандай қабағы қалай ашылғанын мейірлене аңғармай қалды. «Адамның бір қызығы – бала» деген рас екен. Кішкентай қыздың жадыраған жүзі оған да жадырап жүр деп кеткендей. Кейде шынымен көп нәрседен шаршап, өзімізге де, өзгеге де нашар энергия таратып жатқанымызды аңғармай қаламыз. Әрі қарай Алмагүл қуанышты жүзімен үйіне қайтты. Оның өміріндегі осы жайт қызыға да, сағына да еске алатын кез болып қала берді. Таңертеңгі болған нәрсе сол күнгі көңіл-күйге жақсы әсер етті. Расымен әлемге жақсы көзқараспен қарап, нұрыңды шашсаң, ол да саған мейірлене қарайды екен.
Нұрилаәсем ТҰРМАХАНОВА,
Қорқыт ата атындағы ҚУ-дың
ІІ курс студенті
15 маусым 2022 ж. 579 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№103 (10368)

31 желтоқсан 2024 ж.

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 157
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031