Баланың бас ұстазы ата-анасы
Ұлт тәрбиесі - ұлт болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»- Әл-Фараби дегендей. Осы орайда мектебімізде «Баланың бас ұстазы ата-анасы» атты 1-11 сыныптар аралығында мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында мектеп директоры Мұхтар Байұзақұлы ата-аналарға алғы сөз сөйлеп, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлінің маңыздылығын айтып өтті. Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша оқу-ісі жөніндегі орынбасары Гүлмира Мырзахметқызы оқушылардың оқу сапасы мен жетістіктері және биылғы мектеп бітіруші түлектерінің ҰБТ-ы қорытындысы жайлы баяндады. Мұнан соң тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Талғат Сағатұлы оқушылардың «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы түсіндіріліп, мектептің ішкі тәртіп ережелерін қамтамасыз ету қағидалары, ата-аналарды қауіпсіздік ережелерімен таныстырылды. Сабақ процесі кезінде оқушылардың сабаққа келу мен сабақтан кейінгі уақыттар және бір мезгіл ыстық тамақ ішу уақытында электронды картаның қолдануы жайында хабарлама жасады. Сонымен бірге, Қармақшы АПБ-нін бастығының орынбасары полиция майоры Д.Ж.Абдугаппаров кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың, интернет алаяқтары қылмысының, бала қауіпсіздігінің, лудоманияның, вандализмнің алдын алу жайлы баяндаса, мектеп инспекторы Мухамедьяров Ғалымжан
түнгі мезгілсіз уақытта заңды өкілсіз көшеде жүрмеу, жайында хабарлама жасады. Мектеп психологы Айжан Талғатқызы вахтерлық оқыту мен суицидтің алдын-алу жайында түсіндірме жұмыстары жайында интерактивті тақта арқылы жұмыстар көрсетті. Мұнан соң Қармақшы аудандық Төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс бөлімінің маманы Нұрдаулет Ғабитұлы жол, су қауіпсіздігі және жаңа жыл қарсаңында ертеңгіліктер кезінде ператехника мен от шашуларды қолданбау және сақтық шаралары жайында баяндады. Тәрбие ісі жөндегі орынбасары Сержан Рахымжанұлы нашақорлық, буллинг, кибербуллингтің алдын алу бағытында ата-аналарға ақпарат берілді. Мектеп медбикесі Исабекова Гүлшат Санитариялық тазалық пен тұмаудың алу жайында ата-аналарға туралы толықтай ақпараттар берілді. Жиналыс соңында ата-аналар еркін микрофон арқылы өздерінің сұрақтарын қойып, мектеп басшысы тарапынан жауаптар алынды. Жиынды мектеп басшысы Мұхтар Байұзақұлы жиынға қатысушы ата-аналарға
- Біздің мақсат – әрбір ата-ананы жақсы орта тәрбиелеуге біріктіру. Бала мен ата-ана арасында тығыз әрі шынайы қарым-қатынас болуы қажет. Әрбір ата-ана қоғамды жақсартуға үлес қосқан кезде ғана тәрбиелі орта қалыптасатындығын айта отырып, қоғамда ата-ана сауаттылығын арттыру, отбасы құндылықтарын арттыруға шақыра отырып қатысушыларға мектеп әкімшілігі тарапынан өз алғысын білдірді.