» » Ұлттық дүниетаным – ұрпақ тәрбиесінің қайнар бұлағы

Ұлттық дүниетаным – ұрпақ тәрбиесінің қайнар бұлағы

qarmaqshy-tany.kz «ЕЛ БОЛАМЫН ДЕСЕҢ, БЕСІГІҢДІ ТҮЗЕ» ДЕП ҰЛЫ ЖАЗУШЫ МҰХТАР ӘУЕЗОВ АЙТҚАНДАЙ, ӘРБІР ОҚУШЫ ӨЗ ЖЕРІ МЕН ОНЫҢ БАЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕСІ БОЛУ ҮШІН ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТЫ МЕҢГЕРІП, ЖАҢАША ӨМІР СҮРУГЕ ҮЙРЕНУДІҢ ЖОЛДАРЫН БІЛУГЕ ТИІС. ҚАЗАҚ СӨЗБЕН ТҮЗЕП, КӨЗБЕН ТӘРБИЕЛЕГЕН ҰЛЫ ХАЛЫҚ.

Баланың ақылды, парасатты, әдепті етіп өсіру – ата-ана мен ұстаздың міндеті. Оқушының дара жолындағы көрген тәрбиесі келешегінің іргетасын қалайды. Осы орайда No85 мектебімізде өткізілген «Өскелең ұрпақтың дара жолы» тақырыбындағы жоғарғы буынның ұйымдастыруымен тәрбиелік онкүндіктің жүргізілу барысын айтып өтсем. Жалпы онкүндіктің мақсаты – оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп, қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу болатын. Оның барысында ұлттық құндылықтарды қамти отырып, Г.Медетова оқушылар жиынында онкүндікті ашса, И.Байбарақова 8-9-сыныптар аралығында «Әркімнің өз дара жолы бар» тақырыбында эссе байқауын өткізді. 8 сыныптар аралығында 8 сынып жетекшісі Г.Медетова «Әрбір шәкірт бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем бер!» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. 8-11 сыныптар аралығында 8 сынып жетекшісі М.Қоңырбаева Мәшһүр-Жүсіптің нақыл сөздері туралы бейнесюжет көрсетті.
«Дарын» дебат клубының жетекшісі Л.Ахметова «Бұл палата Қазақстан Республикасы тарихындағы маңызды тұлғаны көрсетеді» тақырыбында оқушылар арасында дебат, дене шынықтыру пәні мұғалімі А.Орынбасаров «Абай сүйіп ойнаған тоғызқұмалақ» тақырыбында 8 сыныптар арасында тоғызқұмалақтан жарыс ұйымдастырды. Ш.Жолдасбекқызы 10 сыныптар арасында «Ой өріс» тақырыбындағы интеллектуалды ойын, М.Меңтаева 9 сыныптар арасында «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» тақырыбындағы шығарма байқауын өткізді. Онкүндік «Дара жол» тақырыбындағы кешпен қорытындыланды. Жүргізілген жұмыстар әрбір баланың болмысына қанат бітіріп, сана сезіміне рухани байлық сыйлады. Ұстаздар да балалардың бойынан сенімділікті көріп, ризашылықтарын білдірді.
Ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген. Сонымен қорыта келе айтарымыз, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде қоғам, ұстаздар қауымы, ата-аналар болып қолға алсақ, бүкіл келешегіміз жарқын болмақ. Балаларымызды отансүйгіштікке баулып, ата-баба салт-дәстүрін құрметтейтін ұрпақ тәрбиелеу – баршаға бірдей міндет. Рухани байлық, дүниетаным, түсінік, рух, иман отбасынан. Осы түсініктерді ана тілі арқылы халықтың сарқылмас мол рухани қазынасынан сусындаса, өзіміздің дәстүрлі ұлттық дүниетанымымыздың арқасында әлемдік өркениет жетістіктерін игеріп, терең меңгерсек, ешкімге есемізді жібермейтін дәрежеге жетіп, дербес ел ретінде нық тұрамыз.
Абзал ОРЫНБАСАРОВ,
No85 орта мектептің дене
шынықтыру пәнінің мұғалімі
18 қараша 2023 ж. 340 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 298

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 396

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930