» » СПОРТ КЕШЕНІ ҚҰРЫЛЫСЫНА ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖАСАЛДЫ

СПОРТ КЕШЕНІ ҚҰРЫЛЫСЫНА ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖАСАЛДЫ

«AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасының Қармақшы ауданы бойынша Жол картасындағы құрылыс нысанына партиялық бақылау жұмыстары жүргізілді. Партиялық бақылау комиссия мүшелері және аудан әкімінің орынбасары Ануар Айдын, партияның атқарушы хатшысы Ғ.Ақжігітов, III Интернационал ауылының әкімі Ж.Қалымбетов Жол картасы аясында салынып жатқан III Интернационал ауылдық округіндегі денешынықтыру сауықтыру кешені құрылысын аралады.
Бұл нысан құрылысына 2023 жылы ҚР Ұлттық қорынан 209,963 млн теңге бөлініп, құрылыс нысаны басталған болатын. 2024 жылы ҚР Ұлттық қорынан құрылыс нысанына 150,0 млн теңге бөлініп, өз жұмысын жалғастыруда. Мердігер: «Астана сервис ЛТД» ЖШС. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылы аяқталып, халыққа пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Аудан әкімінің орынбасары Ануар Айдын, сапалы жұмыс біріншіден жергілікті халық, өзіміз және болашағымыз үшін қажет екенін, құрылысты жүргізіп жатқан мердігерлерге құрылыстың сапалы жасалып, уақытылы аяқталуын, өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарауды қатаң тапсырды.
Алдағы уақытта салынып жатқан құрылыс нысандарына партиялық бақылау жұмыстары жалғасатын болады.
18 желтоқсан 2024 ж. 415 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (10425)

01 тамыз 2025 ж.

№56 (10424)

29 шілде 2025 ж.

№55 (10423)

26 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 163
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031